2022 жылғы қаңтарда өнеркәсіп өндірісінің көлемі 3439 млрд.теңгені құрады, бұл өткен жылғы қаңтарға қарағанда 2,9% - ға артық.
2022 жылғы қаңтарда тау-кен өндіру өнеркәсібін, құрылыс жұмыстарын (көрсетілетін қызметтерді) қоса алғанда, нақты сектордағы өсу, ауыл, орман және балық шаруашылығы өнімдерінің (көрсетілетін қызметтерінің) жалпы шығарылымы көлемінің ұлғаюы Қазақстанның ұлттық экономикасы тұрақтылығының негізгі факторына айналды.
Құрылыс көлемі 2021 жылғы қаңтармен салыстырғанда 7,3% - ға ұлғайып, 89,2 млрд.теңгені құрады.
Ағымдағы жылғы қаңтарда ауыл, орман және балық шаруашылығы жалпы өнімінің көлемі 204,4 млрд.теңгені құрады, бұл 2021 жылғы қаңтарға қарағанда 1,5% - ға артық.
2022 жылғы қаңтарда пайдалануға берілген тұрғын үйдің жалпы ауданы 728,4 мың шаршы метрді құрады, оның ішінде жеке құрылыс салушылар 344,5 мың шаршы метрді салды.