Меню

Страницы

Статья

Стратегиялық жоспарлау саласы бойынша мемлекеттік саясатты жүргізу

Агенттік мемлекеттік жоспарлаудың жаңа жүйесі, «2025 жылға дейінгі жалпыұлттық басымдықтар», «2025 жылға дейінгі Ұлттық даму жоспары» секілді құжаттарды даярлауда өте белсенді іс атқарды.

Мемлекеттік жоспарлаудың жаңа жүйесі жаңа құжаттардың енгізілуін, ағымдағы құжаттардың қайта қарастырылуын және қазіргі жағдайда 2050 жылға дейінгі Қазақстанның даму Стратегиясын әлемдік трендтерге сәйкес жүзеге асырылуын қамтамасыз етеді.

Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі Жалпыұлттық басымдықтары аясында жақын болашақта реформаларды күтетін 10 бағыт таңдалды. Құжатқа сәйкес, қазақстандықтарға әділ әлеуметтік саясат, қолжетімді және тиімді денсаулық сақтау жүйесі мен сапалы білім қолжетімді болуы тиіс.

Негізгі күш ұлттық қауіпсіздікті нығайтуға, әртараптандырылған инновациялық экономиканы құруға, экономикалық және сауда дипломатиясын белсенді дамытуға және теңгерімді аумақтық дамуға жұмсалатын болады. Басымдықтар арасында сондай-ақ азаматтардың мүдделерін қорғауда әділ және тиімді мемлекет, мемлекеттік басқарудың жаңа моделі және патриотизм құндылықтарын дәріптеу бар,

Жалпыұлттық басымдықтардың индикаторлары, оның ішінде бүкіл мемлекеттік аппарат жұмысының негізгі бағыттарын анықтайды. Осы стратегиялық құжатты іске асыру қазіргі заманғы сын-қатерлерді еңсеруге және орта мерзімді перспективада елдің орнықты экономикалық өсу траекториясына шығуын қамтамасыз етуге көмектеседі, бұл халықтың өмір сүру сапасы мен табысының нақты өсімін арттыруға мүмкіндік береді.

2025 жылға дейінгі Ұлттық даму жоспары елдің ортамерзімдік кезеңдегі жаңа экономикалық курсының негізгі параметрлерін, коронадағдарыстың салдарын жұмсартып, орнықты және инклюзивті экономиканы қалыптастыру бойынша экономикалық өсімді жылдамдататын факторларды дамытуды құрылымдайды.

 

 

Дата публикации
06 августа 2021
Дата обновления
06 августа 2021
Тип

Сейчас читают

Ақпарат
09 октября 2025
Өмірлік жағдайлар
Есеп
03 июля 2024
Электрондық құжат айналымы мен архив жұмысы тұрақты бақылауда
11 января 2024
«Азаматтарды қабылдауға» өтініш беру (жазылу) жөніндегі өтініш беруші үшін қысқаша нұсқаулық

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы