Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Қоғамдық кеңесі туралы ереже

Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Қоғамдық кеңесі туралы ереже

 

  1. Жалпы ережелер
  2. Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Қоғамдық кеңесі (бұдан әрі – Қоғамдық кеңес) «Қоғамдық кеңестер туралы» 2015 жылғы 2 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңында (бұдан әрі – Заң) көзделген тәртіппен Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі құратын консультативтік – кеңесші, байқаушы орган болып табылады.
  3. Қоғамдық кеңес Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің (бұдан әрі – Агенттік) халық алдында есеп беретін мемлекетті қалыптастыру жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыру үшін азаматтық қоғаммен өзара іс-қимылын қамтамасыз етеді.
  4. Қоғамдық кеңес өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Қоғамдық кеңестер туралы» 2015 жылғы 2 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңын (бұдан әрі – Заң), Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерін, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерін, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.

 

Дата публикации
12 апреля 2022