"Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Түркістан облысы бойынша Ұлттық статистика бюросы департаменті" РММ - де (бұдан әрі-Департамент) өткізілген аудиторлық іс-шараның қорытындылары.
2021 жылғы 14 сәуірдегі Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Төрағасының бұйрығымен бекітілген 2021 жылға арналған мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесіне сәйкес Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі ішкі аудит қызметі 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап 2020 жылғы 31 желтоқсан аралығындағы кезеңде Департаментте сәйкестік және тиімділік аудитін жүргізді.
Аудиторлық іс-шараның қорытындылары бойынша мынадай бұзушылықтар анықталды: бухгалтерлік есеп жүргізу, мемлекеттік сатып алу рәсімдерін жүзеге асыру, іс-сапар шығыстарын өтеу, негізгі құралдар мен тауар-материалдық құндылықтардың бұзылуына (кемшіліктеріне) және тиімсіз пайдаланылуына әкеп соққан шарттық міндеттемелерді орындау.
Жіберілген бұзушылықтардың негізгі себептері ішкі бақылау жүйесінің болмауы, жауапты басшылардың лауазымдық міндеттерін тиісінше орындамауы болды.
Мемлекеттік аудит нысанына анықталған бұзушылықтарды жою және ұсынымдарды қарау туралы шешім және ішкі аудит нәтижелері туралы есеп жіберілді.