Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Қоғамдық кеңесін қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобы Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Қоғамдық кеңесінің (бұдан әрі – Қоғамдық кеңес) мүшелерін сайлау туралы конкурс жариялайды.
Қоғамдық кеңестің сандық құрамы 15 адам, оның 5 – мемлекеттік органның өкілдері, 10 – коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері, Қазақстан Республикасының азаматтары.
Он сегіз жасқа толған Қазақстан Республикасының азаматы Қоғамдық кеңестің мүшесіне кандидат бола алады.
Қоғамдық кеңестің мүшесіне кандидат:
Конкурсқа қатысу үшін:
1) Қоғамдық кеңестің құрамына кандидатурасын ұсыну туралы коммерциялық емес ұйымның ұсынысы және (немесе) азаматтың өтініші;
2) автобиографиялық деректер көрсетілген кандидаттың кәсіби және (немесе) қоғамдық қызметі туралы мәліметтер;
3) соттылықтың болуы немесе болмауы туралы анықтама;
4) психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылығы (ауруы) бар немесе жоқ болуы туралы анықтама ұсынылады.
Құжаттарды тапсыру мерзімі: 2021 жылғы 23 ақпанды қоса алғанда.
Құжаттар жіберілетін почта және электронды мекенжай: d.zhanisbaev@aspire.gov.kz, Нұр-Сұлтан қаласы, Мәңгілік ел, 55/21.
Анықтамалар үшін телефон: 8 (7172) 64 72 50