Меню

Страницы

Статья

Цифрлық гигиена дегеніміз не?

Кибер алаяқтардан қорғанудың қарапайым қағидалары

Цифрлық әлемде ұдайы орындап отыруды талап ететін өзіндік гигиена қағидалары бар. Тек оларды бұлжытпай орындаған жағдайда ғана олар сіздің киберкеңістігіңізді қорғауға көмектеседі, ал егер сіз оларға немқұрайлықпен қарасаңыз, қаржылық алаяқтардың тұзағына түсіңіз әбден ықтимал. Бұл туралы fingramota.kz айтып берді.

Интернеттегі қаржылық алаяқтардың құрбаны болмас үшін мынадай цифрлық гигиена ережелерін сақтаңыз:

– Жеке басын куәландыратын құжаттың фотосуретін әлеуметтік желілерде жарияламаңыз және мессенджерлер арқылы, әсіресе бейтаныс адамдарға жібермеңіз. Конфиденциалды деректерді жоғалту көп жағдайда оларды үшінші тұлғалардың заңсыз пайдалануына әкеледі;

– Карточканың толық деректемелерін, әсіресе артқы жағындағы үш таңбалы кодты, SMS-тегі кодты және өзге де дербес ақпаратты айтпаңыз;

– Күмәнді сілтемелер бойынша өтпеңіз, белгісіз дереккөздерден лицензияланбаған қосымшаларды жүктемеңіз;

– Телефонға ресми емес дүкендердің қосымшаларын орнатпаңыз және конфиденциалдылық теңшеулерін мұқият қадағалаңыз;

 – Күрделі комбинацияларды ойлап тауып, құпия сөздерді жиі өзгертіңіз және әрқашан антивирусты қолданыңыз. Сіздің гаджетіңізге алаяқтық шабуылдар жасалған жағдайда оларды сенімді бұғаттайтын антивирустық бағдарламаны жаңартуды ұмытпаңыз;

– Сыртқы USB-тасымалдағышқа маңызды файлдардың сақтық көшірмесін үнемі жасап отырыңыз. Бұл опция теңшеулер конфигурациясын, барлық қосымшалар мен жеке ақпаратты сақтау үшін жасалған. Мұндай функция жоғалған құрылғыдан деректерді қалпына келтіруге және гаджет жоғалған немесе бұзылған жағдайда оны жаңасына көшіруге көмектеседі.

Дата публикации
29 марта 2022
Дата обновления
29 марта 2022
Тип
СМИ о нас

Сейчас читают

СМИ о нас
19 октября 2026
Частные управляющие компании диверсифицируют пенсионные инвестиции — глава АРРФР
СМИ о нас
19 октября 2026
Қазақстан мен IOSCO кездесуінде инвесторлардың құқықтарын қорғау мәселесі талқыланды
СМИ о нас
16 октября 2026
Казахстан готовит новые меры для выхода частных компаний на IPO

Социальные медиа

Меню подвал

Послания Президента РК
Сайт Президента РК
Сайт Премьер-Министра РК
Концепция цифровой трансформации
Жизненные ситуации
Государственные символы РК
Термины и обозначения
Служба центральных коммуникаций при Президенте РК
Экранный диктор
Концепция развития искусственного интеллекта на 2024 – 2029 годы