Меню

Страницы

Статья

ХВҚ қаржы реттеушісінің COVID-19 пандемиясы дағдарысымен күрес шараларын оң бағалады

2020 жылғы 2 – 13 қараша аралығында экономикалық дамуға, перспективаларға және ықтимал тәуекелдерге шолу жасау мақсатында Халықаралық Валюта Қорының Қазақстан Республикасындағы виртуалды миссиясы өтті. ХВҚ командасы ХВҚ-ның Қазақстан Республикасындағы миссиясының басшысы Николь Бланшенің басшылығымен мемлекеттік органдардың, квазимемлекеттік сектор ұйымдарының және қаржы нарығының өкілдерімен бірқатар онлайн кездесулер өткізді, олардың барысында Covid-19 пандемиясының салдары, мұнай нарығындағы баға күйзелісі, туындаған проблемалар және уәкілетті органдар қабылданған ден қою шаралары, сондай-ақ Covid-19 пандемиясынан кейінгі реформалардың басымдығы талқыланды.

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің басшылығымен өткен кездесудің нәтижелері бойынша ХВҚ сарапшылары қаржы реттеушісінің дағдарысқа қарсы шараларының уақтылы болғаны және дағдарыстың елдің қаржы секторына әсер етуін бәсеңдетуге көмектескені жөнінде қорытындыға келді. ХВҚ сарапшылары республиканың банк секторының пандемия кезеңінде орнықты болғанын атап өтті және қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз ету бойынша одан әрі  жұмыс жүргізуді ұсынды.

ХВҚ жаңа Агенттіктің қызметін оң бағалады және ол бұдан әрі Қазақстанда қаржылық реттеу және қадағалау жүйесін озық халықаралық стандарттарға сәйкес келтіруде, сондай-ақ банктердегі бизнес-модельдерді және тәуекелдерді басқару жүйелерін нығайтуға жәрдем беруде маңызды рөл атқаратынын атап өтті. Осыған байланысты ХВҚ Агенттіктің институционалдық әлеуетін және тәуелсіздігін нығайту жөніндегі стратегияны іске асыруды жалғастыруды ұсынды.

Сапардың қорытындысы бойынша ХВҚ миссиясының қорытынды мәлімдемесі дайындалып, ол ХВҚ-ның, Қазақстан Ұлттық Банкінің және Агенттіктің сайттарында жарияланды.

ХВҚ-ның IV Бап бойынша консультациялар өткізу бойынша келесі сапары 2021 жылғы көктемге жоспарланды.

 

ХВҚ Миссиясының қорытынды мәлімдемесі

 

ҚНРДА Сыртқы коммуникациялар басқармасы  

+7( 727) 2371090, email: press@finreg.kz

Дата публикации
20 ноября 2020
Дата обновления
20 ноября 2020
Тип
Баспасөз релиздері

Сейчас читают

Біз туралы БАҚ
19 октября 2026
Қазақстан мен IOSCO кездесуінде инвесторлардың құқықтарын қорғау мәселесі талқыланды
Біз туралы БАҚ
13 октября 2026
Ипотеканы қайта қаржыландыру бағдарламасының мерзімі ұзартылды
24 сентября 2026
График приема граждан

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы