Меню

Страницы

Статья

Ломбардтан алынған қарыз несие алуға кедергі бола ма

Ломбардтан ресімделген қарыз несие немесе ипотека алуға кедергi болмайды, алайда ол қаржы ұйымының шешіміне әсер етуі мүмкін. Бұл туралы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі жазды.

Банк не қарайды

Агенттік мәліметінше, өтінімді қарау кезінде банктер мен микроқаржы ұйымдары қарыз алушының қаржылық жағдайын және оның қарыздарын өтеу қабілетін бағалайды. Уақытылы төлеп жүр ме, жоқ па – соны қарайды. Кредит тарихы мен борыш жүктемесі маңызды рөл атқарады.

«Егер қарыз алушының ломбард алдында мерзімі өткен берешегі болса, бұл мақұлдау мүмкіндігін азайтады. Мұндай міндеттемелер борыш жүктемесін есептеу кезінде басқа кредиттермен және микрокредиттермен тең ескеріледі», – делінген хабарламада.

Көп адам біле бермейді

Агенттік дерегінше, ломбардтар да қарыз алушы туралы мәліметті кредиттік бюроларға жібереді. Яғни «ешкім көрмейді» деген түсінік – қате.

Егер борышкер микрокредитті уақытында өтемесе, ломбард кепілге қойылған мүлікті кемінде 30 күн сақтауға міндетті. Осы кезеңде қарыз алушы қарызды төлеп, өз затын қайтара алады.

«Осы мерзім өткеннен кейін ломбард кепілді сатуға не оны өз меншігіне ресімдеуге құқылы. Нәтижесінде ломбардтағы заттарды кепілге қою туралы шарт және микрокредит беру туралы шарт өз қолданысын тоқтатады. Қарыздың тоқтатылу фактісін кепілді сату актісі немесе оны ломбардтың меншігіне айналдыру туралы шешім және қарызды өтеу туралы анықтама сияқты құжаттар растайды», – делінген хабарламада.

Ведомство кредит беру туралы шешімді банк немесе микроқаржы ұйымы заңнамалық талаптарды ескере отырып, сондай-ақ өзінің ішкі кредиттік саясатына, қарыз алушының төлем қабілеттілігін бағалауға және қабылданатын тәуекелдер деңгейіне сәйкес дербес қабылдайтынын назарға алу қажет екенін атап өтті.

Бұған дейін Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі микроқаржылық ұйымдардың табысы жайлы 2025 жылдың есебін жариялаған еді


Дереккөз: Kz.kursiv.media

Дата публикации
27 марта 2026
Дата обновления
27 марта 2026
Тип
Біз туралы БАҚ

Сейчас читают

Біз туралы БАҚ
19 октября 2026
Қазақстан мен IOSCO кездесуінде инвесторлардың құқықтарын қорғау мәселесі талқыланды
Біз туралы БАҚ
13 октября 2026
Ипотеканы қайта қаржыландыру бағдарламасының мерзімі ұзартылды
24 сентября 2026
График приема граждан

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы