109 i-Komek қызметі

2020  жылы «Smart Aqmola» КММ негізінде Бірыңғай кезекшілік-диспетчерлік қызметі -112 және iKomek-109 қызметі іске қосылған.

Қызмет, азаматтардан келіп түсетін коммуналдық мәселелерге қатысты сұрақтарды жедел өндеуге арналған. Диспетчерлер алдына коммуналдық қызметтерді цифрландыру бойынша міндеттері қойылған.

Қызметтің жұмысын жан –жақты жариялау үшін Instagram желісінде парақша ашылған - @ikomek109aqmola 

Сонымен қатар, мәселені жоюына қатысты өз өтінімдерін ақмолалықтар  телеграм-бот арқылы қалдыра алады: @Ikomek109Aqmola

Тәулік бойы 109 нөміріне Ақмола облысы тұрғындарынан оңдаған қоңыраулар түсіп жатады. Өтінім тіркеледі және мемлекеттік органға, коммуналдық қызметтерге әрі қарай белгілі мерзімде мәселені шешу үшін жұмысқа беріледі.  


Сондай-ақ, Ақмола облысының тұрғындары,  109 i-Komek қызметіне телефон нөмірімен  + 7 778 705 70 80 WhatsApp мессенджері арқылы жолыға алады.

 

Faza projekta
92%