Облыс әкімі Көкшетаудың құрылыс алаңдарында болды

Облыс әкімі Көкшетаудың құрылыс алаңдарында болды

Өңiр басшысына Қазақстан мен Ресей өңiраралық ынтымақтастық форумы шеңберiнде тұрғын үйлердiң, коммуналдық, әлеуметтiк инфрақұрылым объектiлерi құрылыстарының барысы туралы баяндалды.

Облыс орталығында «Болашак сарайы» ғимаратының құрылысы 80% салынды.

Әрқайсысының құны 350 млн. үш алпыс пәтерлi тұрғын үйлердiң құрылысын салу жобалары түзетудi қажет етедi.

Тұрғын үй құрылысмен қатар мұнда 38 га алқапта және жалпы ұзындығы 2,8 км инженерлiк желiлер тартылуда. Бүгiнгi таңда 2 километр тартылды. Жаңа жылу желiлерi мен қатар жылу қазандығы ауыстырылды, оны орнатуға 850 миллион теңге бөлiндi. Материал бар, бригада штаттық режимде жұмыс iстеуде, объект жылу беру маусымы басталғанға дейiн тапсырылады

Бұл маңызды инфрақұрылымдық жоба, өйткенi «Сарыарка» шағын ауданы тұрғын үй алабының бiр бөлiгi жылумен жабдықтауға уақытша қосылған. Ағымдағы жылғы жылу беру маусымында жаңа құбырға «Көктем» шағын ауданының жаңа үйлерi, құрылысы салынып жатқан «Болашақ сарайы» балалар мен жасөспiрiмдер сарайы және «Сарыарка» шағын ауданының жаңа құрылыстары қосылады.

Мердiгерлер кiрпiш тапшылығы проблемасын жеткiздi. Өңiр басшысы «ЕНКИ» компаниясымен сөйлесiп проблеманы шешудi тапсырды.

«Көктем» және «Сарыарқа» шағын аудандарында бiрқатар жаңа объектiлер салынды, олар жаңа инженерлiк желiлердi iске қосуды талап етедi. Осы мақсатқа 2,2 миллиард теңге бөлiндi. Облыс әкiмi мердiгерлер мен қала басшысына жұмыстың сапасын мұқият тексерiп отыруды тапсырды.

Осында РК-1 үшiн қуаттылығы 100 Гкалл Ресейде шығарылған жаңа газмазут қазандығының құрылысын салу тетiктерi талқыланды. Облыс әкiмi әртүрлi отындармен қазандық агрегатының рентабельдiлiгiн есептеудi тапсырды.

Облыс орталығының жылуды тұтыну бойынша өсiп келе жатқан жүктемесiн өтеу үшiн ағымдағы жылы ұзындығы 2 км магистралдық құбыр учаскесi реконструкцияланады.

Форумның негiзгi iс-шаралары құрылысы салынып жатқан «Болашақ сарайы» балалар мен жасөспiрiмдер сарайында өтетiнiн естерiңiзге саламыз.

Құрылыс жобасы басшысының орынбасары Руслан Токпанбаевтың айтуынша, құрылыс кестесiнен артта қалу жоқ, қасбетiн рәсiмдеудiң басқа да элементтерi келуi күтiлуде, iшкi өңдеу жұмыстары басталды. Сыртқы қабырғалары шығарылды, бассеиндердiң айдындары дайындалды.

«Бiзде үш ай қалды. Қазанда бiз ғимараттың iшкi жабдықтарын орналастыруымыз керек. Қазанда жабдықтар орнатылып, қалыпқа келтiрiледi. Бұл өте маңызды объект, мәселе форумда ғана емес, оны барлық қала, облыс тұрғындары күтiп отыр. Адамдар жетiспесе түзету енгiзiп, басқа объектiлерден тартыңыздар», — дедi Ермек Маржықпаев мердiгерлерге.

Қазақстан мен Ресей өңiраралық ынтымақтастық форумына дайындық шеңберiнде Көкшетауда Қопа көлiнiң жағалауы Қан орталығынан ескi әуежайға дейiн (1,5 км) абаттандырылады. Жағалау облыс орталығының ең тартымды орындарының бiрiне айналады. Жағалауда амфитеатр, спорт алаңдары, пирстер мен басқа да адамдардың демалысына арналған объектiлердiң құрылыстары салынуда. Жобада айналма жолдың құрылысы да бар, ол көлдi көктем мен жаңбыр кезiнде қала көшелерiнен ағатын лас судан қорғайтын болады.

Болашақ амфитеатрдың, спорттық және ойын алаңдарының сызықтары көрiнедi, жолдар пайда болды. Мердiгерлердiң айтуынша, негiзгi жұмыстар 75% орындалды. Алда өңдеу, спорт құралдарын, орындықтар, жарықтар мен балалар алаңдарын орнатып абаттандыру және басқа да жұмыстар бар. Облыс әкiмi жағалауды рәсiмдеуде ұсақ-түйектiң болмайтынына назар аудартты.Ол өңдеу материалдарының түстерiн таңдауға, «вандализмге қарсы» деңгейiне, қызмет ету ұзақтығына, қолдану үшiн қолайлығына қатысты.

Облыс әкiмi М. Габдуллин ат. №3 көпбейiндi гимназия, перинаталдық орталық ғимараттарын жөндеу, Көкшетау қаласында көп жылдар бұрын төңкерiс күрескерлерiне арналып салынған бұрынғы саябақтағы шаңғыроллердiк трассасы бар мәдени-демалыс саябағының құрылысы барысымен танысты.