Аппараттық кеңес

Аппараттық кеңес

Аппараттық кеңесте облыс жолдарын жөндеу барысы, ауыл шаруашылығы жерлерiн пайдалану мен цифрландыру, жеке меншiк малды бағу үшiн жайылым жерлерiн беру бойынша жұмыстар талқыланды.

Жолаушылар көлiгi және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Әрсен Жанғасқановтың айтуынша ағымдағы жылы жергiлiктi маңызы бар автомобиль жолдарын жөндеуге 39,9 млрд. теңге қарастырылған (РБ — 29,8 млрд. теңге, ОБ — 10,1 млрд. теңге), соның iшiнде «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы бойынша — 12,1 млрд. теңге. Жергiлiктi маңызы бар 687,6 км жолды және көше-жол желiсiн (құрылысын салу және реконструкциялау — 27,5 км, күрделi жөндеу — 11,7 км, орташа жөндеу — 258,4 км, ағымдағы жөндеу — 140 км, «ЖҚЖК» шеңберiнде — 250 км) жөндеу, сонымен қатар 100-ге жуық су өткiзу имараттарын күрделi және орташа жөндеу жоспарланған.

Талқылаудың қорытындысы бойынша облыс әкiмi жөндеу жұмыстарын жүргiзу мен ЖСҚ әзiрлеу кезiнде қаржылардың толық және уақытында игерiлуi қажеттiгiне назар аударды, сонымен қатар «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы шеңберiнде жүзеге асырылатын жобалар халық үшiн жұмыс орындарын ашу бөлiгiнде тиiмдi жұмыс iстеуi қажеттiгiн қадап айтты.

«Жөндеу жұмыстарының сапасына ерекше көңiл бөлу қажет, оған партиялық бақылауды, қоғамдық ұйымдарды тарту керек» — дедi Ермек Маржықпаев.

Жерлердiң пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасының басшысы Ерғали Шориннiң айтуынша, пайдаланылмай жатқан жерлердiң аумағы — 745,3 тыс. га, ал қолданыстағы мораторий жағдайында оларды тексеру мүмкiндiгi жоқ. Бiрақ жергiлiктi орындарда жер қатынастары органдары жер пайдаланушыларға жерлердi игеру бойынша өз мүмкiндiктерiн нақты бағалау қажеттiгi туралы түсiнiктеме беру жұмыстарын жандандыруда. Бұл бағытта Атбасар, Бурабай, Целиноград аудандарының және Степногорск қ. әкiмдiктерiнiң жұмыстары өнiмдi болғаны атап көрсетiлдi, Ағымдағы жылы оларда ауыл шаруашылығына арналған 35,2 мың га пайдаланылмайтын жер учаскелерi бары анықталды, соның 25,7 мың гектары айналысқа енгiзiлдi.

Айта кетерлiгi, бос жатқан жерлер кiрiс әкелмегенiмен қоймай, берекесiз жер пайдаланушыларға шығын әкеледi. 2018 жылы мұндай жер учаскелерiне салық ставкасы 10 есе артты, облыс бюджетiне олардан қосымша 156,5 млн теңге салық түстi. Жерлердiң пайдаланылуына мораторийдi бұзбай мониторингтi қашықтықтан зондылау арқылы жүргiзуге болады, жергiлiктi орындарды бұл жұмыс жүргiзiлiп жатыр.

Ермек Маржықпаев «ИУЦ» АҚ деректерiне сәйкес пайдаланылмайтын және тиiмсiз пайдаланылатын жерлердiң мониторингiн белгiленген мерзiмде аяқтау қажеттiген назар аударды.

« 745,3 мың га пайдаланылмайтын жерлердi мемлекет меншiгiне қайтаруды немесе айналысқа енгiзудi, кешендi жоспарға сәйкес жұмыс жүргiзудi тапсырамын. Барлық аудандар мен қалалардың әкiмдерi мәселенiң басын ашып қалыптасқан жағдайды түзесiн, ал егiн науқаны аяқталғаннан кейiн бiз бұл мәселе бойынша жиналамыз және жұмыстардың нәтижелерiн тексеремiз» — дедi өңiр басшысы.

Ауыл шаруашылығы жерлерiн цифрландыру туралы жер қатынастары басқармасының басшысы Бауыржан Ерназаров баяндады. Атап айтқанда, облыста 10,3 млн. га ауыл шаруашылығына арналған жерлер цифрландырылған. Соған қарамастан, жерлердiң кейбiр санаттары бойынша бұл жұмыс әлi аяқталған жоқ. Мысалы, жайылымдар бойынша 13 өңiрде жалпы жер көлемiнiң 1-ден 16%-ға дейiнi цифрландырылмаған, егiстiк бойынша төрт өңiрде 2-5%, кейбiр аудандарда шабындық пен көпжылдық екпелер учаскелерi аяғына дейiн цифрланбаған.

Құқық белгiлейтiн құжаттары жоқ болуына байланысты егiстiк пен көпжылдық екпелердi цифрландыру бойынша көрсеткiштердi асыра орындау фактiлер, егiстiктiң орнына жайылым алқаптарын цифрландыру, иесi ауысуына байланысты рәсiмдi екi рет жүргiзу, жер учаскесiнiң мақсатын өзгерту рәсiмiн жүргiзбей кейбiр жер пайдаланушылар жайылым алқаптарына егiн егуi жағдайлары орын алған. Ерназаров Ерейментау ауданынан басқа барлық өңiрлерде тапшылық орын алып отырғанын атап көрсеттi. Облыстың 617 елдi мекенiнiң 495-iнде немесе 1,6 млн га мал бағатын жер жетiспейдi.

Ауылдық округтердiң әкiмдерi жер пайдаланушылармен жалпы ауданы 1 млн. га жайылым алқаптарын бiрлесiп пайдалану туралы меморандумдар жасаған, елдi мекендердiң аумағында орналасқан 700 га жер учаскелерiн жалға алу келiсiмдерiн бұзу туралы мәлiмдемелер жолданған, 33,6 мың га iргелес жатқан жер учаскелерiн қосалқы жерлер санатынан шығарып елдi мекендердiң шекараларына қосу бойынша шаралар қолданылуда.

Анықтама: Ақкөл ауданының әкiмдiгi жеке меншiк малын бағу үшiн 1,7 мың га жайылымды резервке қойған; Зерендi ауданының әкiмдiгi елдi мекеннiң аумағында орналасқан 700 га жер учаскесiн жалға алу келiсiмiн бұзу туралы мәлiмдеме жолданған; Атбасар (11,5 мың га), Астрахан (10 мың га), Бурабай (0,2 мың га), Есiл (0,4 мың га), Егiндiкөл (1,3 мың га), Жақсы (6,9 мың га), Сандықтау (0,8 мың га), Қорғалжын (2 мың га) аудандарының әкiмдiктерi ағымдағы жылы жалпы ауданы 33,6 мың га iргелес жатқан жер учаскелерiн қосалқы жерлер санатынан шығарып елдi мекендердiң шекараларына қосу бойынша шаралар қолданылуды жоспарлап отыр.

Облыс әкiмi аудандар мен қалалардың әкiмдiктерiне жердердi цифрландыру кезiнде жол берiлген кемшiлiктердi жоюды, Qoldau.kz порталында ауыл шаруашылығына арналған жерлердi цифрландыруды ағымдағы жылғы мамыр айының ортасына дейiн аяқтауды, жайылыммен қамтамасыз ету үшiн қолданыстағы ҚР заңнамасы мен «Жайылымдар туралы» ҚР Заңына сәйкес барлық шараларды қолануды тапсырды.

Кеңестi қорытындылай келе, өңiр басшысы Ермек Маржықпаев қаржы басқармасының басшысы Талғат Серiкұлы Бөлтеновтi 50 жылдық мерейтойымен құттықтап, зор денсаулық және кәсiби қызметiнде жаңа жетiстiктер тiледi.