Өңір басшысы Ермек Маржықпаевтың Ақмола облысының халқына үндеуі

Құрметтi ақмолалықтар!
Өздерiңiз бiлесiздер, кеше 7 сәуiр күнi облысымыздың аумағында күштi дауыл болды. Секундына отыз метрге дейiн жететiн қатты желдiң әсерiнен облыс орталығында және облыстың бiрқатар аудандарында электрмен қамтамасыз ету үзiлдi. Тұрғын үйлердiң, әлеуметтiк объектiлердiң шатырлары зақымданды.
Шамамен 30 адам түрлi ауыртпалық дәрежесiнде жарақат алды. Өкiнiшке орай, Бурабай ауданында бiр адам қайтыс болды. Қайтыс болған адамның туыстары мен жақындарына қайғыларыңызға ортақтасып көңiл айтамын.
Қазiр барлық коммуналдық күштер мен ТЖ қызметтерi өңiрдегi табиғи стихия салдарын жоюға жұмылдырылды.
Құрметтi жерлестер! Барлықтарыңызды тыныштық сақтауға шақырамын.
Залалдың шығыны есептелуде. Барлық объектiлер қалпына келтiрiлетiн болады. Зардап шеккендерге қажеттi көмек көрсетiледi.
Орын алған жағдайда тыныштық сақтау қажет, үрейге берiлуге болмайды және азаматтық жауапкершiлiк таныту керек. Осылайша бiз бiрлесiп барлық қиындықтарды өткере аламыз.