Көкшетауда шығарылған алғашқы мүгедектерге арналған арбалар тапсырылды

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат — Көкшетауда шығарылған алғашқы мүгедек арбасы мүмкiндiгi шектеулi жандарға тапсырылды. Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрi Бердiбек Сапарбаевтың iс-сапармен Көкшетау қаласына барған кезде белгiлi болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тiлшiсi. Сапар барысында министр атаулы әлуеметтiк көмектi көрсету, халықты жұмыспен қамту, мүгедектiктi, еңбек қабiлеттiлiгiнен айырылу деңгейiн белгiлеу және әлеуметтiк қорғау шараларына қатысты атқарылып жұмыстарының барысымен танысты. Осы мақсатта Бердiбек Сапарбаев Көкшетау қаласындағы «Тыныс» акционерлiк қоғамының зауытында болып, электр қозғалтқышты мүгедектер арбасын құрастыру жұмыстарына назар аударды. Кәсiпорынның бас директоры Қайрат Қалманбаевтың айтуынша, бүгiнгi таңда мүгедектер арбасы елiмiзде мүлдем шығарылмайды. Негiзiнен Ресей, Қытай және Еуропа елдерiнен тасымалданады. Бұл жолғы алғашқысы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiнiң тапсырысы бойынша жасалып отыр. «Бұл серуендейтiн электр қозғалтқышты мүгедектерге арналған арба. Оның салмағы 70 келi шамасында. Арба 15 және 30 шақырымға арналған екi аккумулятормен жабдықталған. Ал, жылдамдығы сағатына 6 шақырымды құрайды», дейдi кәсiпорынның бас директоры Қайрат Қалманбаев. Зауыт басышылығы атап өткендей, электр қозғалтқышы iстен шыққан кезде арбаны қолмен итерiп жүруге де болады. Сондай-ақ, жинап автокөлiктiң жүк салғышына да салуға ыңғайлы. Қосалқы бөлшектердi де осы кәсiпорыннан алуға болады. Ересектер мен балаларға арналған бұл мүгедектер арбасының құны шамамен 1 миллион теңгенi құрайды.
Көкшетауда шығарылған алғашқы мүгедектерге арналған арбалар тапсырылды 2019 жылғы 23 шiлде 19:35 84 Бөлiсiңiз: КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат — Көкшетауда шығарылған алғашқы мүгедек арбасы мүмкiндiгi шектеулi жандарға тапсырылды. Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрi Бердiбек Сапарбаевтың iс-сапармен Көкшетау қаласына барған кезде белгiлi болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тiлшiсi. Сапар барысында министр атаулы әлуеметтiк көмектi көрсету, халықты жұмыспен қамту, мүгедектiктi, еңбек қабiлеттiлiгiнен айырылу деңгейiн белгiлеу және әлеуметтiк қорғау шараларына қатысты атқарылып жұмыстарының барысымен танысты. Осы мақсатта Бердiбек Сапарбаев Көкшетау қаласындағы «Тыныс» акционерлiк қоғамының зауытында болып, электр қозғалтқышты мүгедектер арбасын құрастыру жұмыстарына назар аударды. Кәсiпорынның бас директоры Қайрат Қалманбаевтың айтуынша, бүгiнгi таңда мүгедектер арбасы елiмiзде мүлдем шығарылмайды. Негiзiнен Ресей, Қытай және Еуропа елдерiнен тасымалданады. Бұл жолғы алғашқысы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiнiң тапсырысы бойынша жасалып отыр. «Бұл серуендейтiн электр қозғалтқышты мүгедектерге арналған арба. Оның салмағы 70 келi шамасында. Арба 15 және 30 шақырымға арналған екi аккумулятормен жабдықталған. Ал, жылдамдығы сағатына 6 шақырымды құрайды», дейдi кәсiпорынның бас директоры Қайрат Қалманбаев. Зауыт басышылығы атап өткендей, электр қозғалтқышы iстен шыққан кезде арбаны қолмен итерiп жүруге де болады. Сондай-ақ, жинап автокөлiктiң жүк салғышына да салуға ыңғайлы. Қосалқы бөлшектердi де осы кәсiпорыннан алуға болады. Ересектер мен балаларға арналған бұл мүгедектер арбасының құны шамамен 1 миллион теңгенi құрайды. Зауыт ұжымымен кездескен министр Ақмола облысына жұмыс сапарының мақсаты туралы айта келе, Көкшетауда құрастырылатын мүгедектер арбасының мүмкiндiгi шектеулi жандардың көңiлiнен шығып, сұраныс артып жатса жаппай тапсырыс беруге әзiр екенiн атап өттi. Сондай-ақ, шетелден өнiм сатып алғаннан гөрi отандық өндiрiстi дамыту қажеттiгiне тоқталды.
«Елiмiзде 14 мыңнан астам мүмкiндiгi шектеулi жан мүгедектер арбасына зәру. Бiз әр 5 жыл сайын бұл арбаларды ауыстырып отыруымыз керек. Яғни, орташа алғанда жылына 2 мың арба қажет деген сөз. «Тыныс» зауытында шығарылып жатқан арба мүгедектердiң көңiлiнен шығады деген ойдамыз. Қандайда бiр шешiм қабылдамас бұрын бiз бұл арбаларды мүгедектерге отырғызып, олардың пiкiрiн бiлiп алуымыз керек. Егер олардың көңiлдерiнен шығып жатса, әрине, мемлекет тарапынан тапсырыс беремiз. Бiзге әрине, шетелден қымбатқа сатып алғанша, өзiмiзде шығарылған өнiмдi кәдеге жаратқанымыз маңызды. Бұл отандық өндiрiстi дамытуға мүмкiндiк берсе, ендi бiр жағынан жаңа жұмыс орындарының ашылуына септiгiн тигiзедi», дедi Бердiбек Сапарбаев зауыт ұжымымен кездесуiнде.
Мүгедектерге арналған алғашқы екi арба 1-шi топтағы мүгедектер Щучинск қаласының тұрғыны Динара Әлиева мен 22 жастағы көкшетаулық Ерлан Ескенге тапсырылды.
Бұдан кейiн, министр Көкшетау қаласында атаулы әлеуметтiк көмектi тағайындаудың тетiктерiн түсiндiру бойынша селекторлы жиын өткiздi. Онда Ақмола облыстық жұмыспен қамтуды және әлеуметтiк бағдарламаларды үйлестiру басқармасының басшысы Дина Ахметжанованың есебi тыңдалды. Сонымен қатар, Бердiбек Сапарбаев Макинск қаласында Бұланды аудандық жұмыспен қамту орталығының жұмысымен танысты.