Ақмолада «Қазақстанның үздік тауары» байқауының өңірлік жеңімпаздары анықталды
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат — Ақмола облысында «Қазақстанның үздiк тауары» байқауының өңiрлiк жеңiмпаздары анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тiлшiсi. Көкшетау қаласының 195 жылдығын мерекелеуге арналған салтанатты жиын барысында өткен «Қазақстанның үздiк тауары» өңiрлiк байқау шеңберiнде «Ақмола өнiмдерi» атты ауқымды өңiрлiк көрме-жәрмеңкесi өттi. Оған 150-ден астам ақмолалық тауар өндiрушi қатысып, өз өнiмдерiн ұсынды. Ал, байқау жеңiмпаздарын Ақмола облысының әкiмi Ермек Маржықпаев марапаттады. «Бiздiң облыстағы тауар өндiрушiлердiң өнiмдерi жоғары сапасы және үлкен сұранысымен ерекшеленедi. Көптеген жергiлiктi кәсiпорындар өнiмдерiн облыс аумағына ғана емес, республика, тiптi Ресей, алыс-жақын шет елдердiң нарығына шығарады», — деп атап өттi аймақ басшысы Е.Маржықпаев. Байқауға облыстың әр өңiрiнен жиналған барлығы 61 кәсiпорын мен жеке кәсiпкерлер қатысты. Байқау жеңiмпаздары «Өндiрiстiк мақсаттағы үздiк тауарлар», «Халық арналған үздiк тауарлар» және «Ең үздiк азық-түлiк тауарлары» аталымдары бойынша анықталды. «Өндiрiстiк мақсаттағы үздiк тауарлар» аталымы бойынша Астрахан ауданындағы «Аzam-КС» ЖШС, Көкшетау қаласындағы «Диас» тiгiн фабрикасы» ЖШС, Бiржан сал ауданындағы «Көкше-Цемент» ЖШС, «Халыққа арналған үздiк тауарлар» аталымы бойынша Бурабай ауданындағы «Веста-Бурабай» тiгiн салоны, Көкшетау қаласындағы «MSMWOOD» ЖШС және «Қазтехникс» ЖШС, «Ең үздiк азық-түлiк тауарлары» аталымы бойынша Атбасар ауданындағы «Атбасар майы» ЖШС, Целиноград ауданындағы «CAPITAL PROJEKT LTD» ЖШС және «Зерен асыл тұқымды шаруашылық» ЖШС жеңiмпаз атанды. «Өңiрлiк байқаудың 9 жеңiмпазы «Қазақстанның үздiк тауары» байқауында облыстың атынан сынға түсетiн болады. Байқаудың басты мақсаты — отандық тауар өндiрушiлердi нарықта өздерiн белсендi таныстырып өнiмдi алға тартуға ынталандыруды» — дедi өңiрлiк кәсiпкерлер палатасының директоры Тимур Нақыпбеков.