ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин жұмыс сапарымен Ақмола облысында болып қайтты

ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин жұмыс сапарымен Ақмола облысында болып қайтты

ҚР Премьер-Министрi Асқар Мамин жұмыс сапарымен Ақмола облысында болып қайтты, онда ҚР Тұңғыш Президентi — Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың алға қойған, стратегиялық мақсаттарға қол жеткiзу бойынша қабылданып жатқан шаралармен және Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың өңiрдi әлеуметтiк-экономикалық дамыту жөнiндегi тапсырмаларының орындалуымен танысты.

ҚР Үкiметiнiң басшысы «Қазақстандық Агро Инновациялық Корпорация» ЖШС ауыл шаруашылығы машинасын жасау кәсiпорнына барды. Бүгiнде зауыт жылына 1500 техника шығарады. Келешекте қуаттылықты жылына 5000 техникаға дейiн ұлғайтып, 400-ден астам жұмыс орынын ашу көзделген.

Индустриялық дамумен танысу «КАМАЗ-Инжиниринг» қазақстандық-ресейлiк бiрiккен машина жасау кәсiпорнының жұмысын тексеру кезiнде жалғасты. А. Маминге таяу уақытта жылына 2500 бiрлiкке дейiн өнiм шығару жоспары бар екенi баяндалды.

Сонымен қатар, өңiрде ҚР Премьер-Министрi «қарапайым заттар экономикасы» салаларының кәсiпорнын қарады. «Два Кита» ЖШС жыл басынан берi 12,7 мың корпустық жиһаз шығарған. Өнiм түрiн кеңейтiп, өндiрiс көлемiн ұлғайту жоспарда бар. Бұл мақсаттарға 1 млрд теңге жеке инвестициялар тартылады. Жалпы облыста халық тұтынатын тауарларды дамыту бойынша 87,6 млрд теңгеге 71 жоба бойынша жұмыс жүргiзiлiп жатыр.

Ақмола облысының экономикадағы туризм үлесiн ұлғайтуға әлеуетi жоғары. Өңiрлiк туристiк кластерге 700-ден астам нысан кiредi. Премьер-Министрге қаланың көлiк және энергетика инфрақұрылымын дамыту бойынша атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндалды. Бұған қоса, Көкшетау қаласының төңiрегiндегi Қопа көлiнiң жағалауын абаттандыру жобасы таныстырылды.

ҚР Премьер-Министрi А. Мамин әлеуметтiк-экономикалық дамыту мәселелерi жөнiнде, сондай-ақ, 2020 жылы Қазақстан мен Ресейдiң XVII аймақаралық ынтымақтастық форумын өткiзуге дайындық, Щучинск-Бурабай курорттық аймағын дамыту жоспарын, «Ауыл — Ел бесiгi» арнайы жобасын iске асыру және елорда төңiрегiн дамыту мәселелерi жөнiнде жұмыс кеңесiн өткiздi.

Ақмола облысының әкiмi Е. Маржықпаев өңiрдiң әлеуметтiк-экономикалық дамуы туралы баяндады. Биылғы 5 айдың қорытындысына сәйкес барлық макроэкономикалық көрсеткiштер бойынша оң қарқын белгiленген. Биылғы қаңтар-мамыр аралығындағы өнеркәсiптiк өндiрiс өлемi 284,1 млрд тг құрады. Биыл ИИДМБ аясында 434 жаңа жұмыс орнын құрумен 9,3 млрд теңге сомасына 5 жобаны iске асыру көзделген. 1 маусымдағы жағдай бойынша экономиканың негiзгi капиталына 83,2 млрд теңге инвестиция тартылған, өсiм — 4,4%. Ауыл шаруашылығында өндiрiс 13%-ға өсiп, 63,6 млрд теңгенi құрады.

2019 жылы әлеуметтiк салаға 129,2 млрд теңге қарастырылған. 3 балабақша, 6 мектеп, 5 денсаулық сақтау нысаны салынып жатыр. Биылғы 5 айдың қорытындысы бойынша тұрғын үй 116 көп балалы және аз қамтылған отбасыға берiлдi, атаулы әлеуметтiк көмек аясында 610 млн теңге берiлдi.

Кеңес барысында Аймақаралық форумға дайындық және оны өткiзу жөнiндегi iс-шаралар жоспарының жобасы қаралды. Көкшетауда дамыған инфрақұрылым және ыңғайлы көлiктiк логистика бар. Жалпы алғанда, Форумды өткiзу туризм саласында жаңа сапалы өзара қарым-қатынастарды дамытуға қосымша серпiн бередi, сондай-ақ, Ресей мен Қазақстан арасындағы сауда-экономикалық қатынастардың кең ауқымы бойынша өзара тиiмдi ынтымақтастықты одан әрi тереңдетуге жол ашады.

Сондай-ақ, кеңесте бiрқатар министрлiктiң басшылары туризмдi дамыту, курорттық аймақты инженерлiк-көлiк және ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылыммен қамтамасыз ету, перспективалық ауылдарды және елорда төңiрегiн дамыту мәселелерi жөнiнде сөйледi.

«Тури саланы дамыту мемлекеттiк бағдарламасының негiзiн Қазақстанның Топ-10 нысаны құрайды, солардың бiрi — Щучинск-Бурабай курорттық аймағы», — деп Асқар Мамин, туризм саласы үлкен үмiт күттiретiнiн айтты. — Туризм көлiк пен телекоммуникацияның дамуына, құрылысқа, сауда-саттыққа, ауыл шаруашылығына мультипликативтi әсер ете отырып, елiмiздiң әлеуметтiк-экономикалық дамуына, инвестициялардың тартылуына және жұмыс орындарының ашылуына жағдай жасайды».

ҚР Үкiметiнiң басшысы Щучинск-Бурабай курорттық аймағының инфрақұрылымын жаңғырту және экологиялық жағдайды жақсарту, сапалы әрi қолжетiмдi сервистiк қызметтердi дамыту жұмыстарын күшейтудi тапсырды. Мұнда туризм саласында 7 мыңға жуық жаңа жұмыс орны құрылады. Жалпы, 2025 жылға қарай елiмiздiң ЖIӨ туризм үлесiн 8% дейiн ұлғайту көзделген.

«Ауыл — Ел бесiгi» арнайы жобасы аясында Ақмола облысында 2019 жылы 19 жоба қарастырылған, олардың 8-i бойынша келiсiмшартқа қол қойылған. Елорда төңiрегiн дамыту үшiн биыл 10 жоба iске асырылады, соның iшiнде 3-уi — сумен жабдықтау және су тарту желiлерiн салу бойынша, 2 — автожол жобалары және т.б.

ҚР Премьер-Министрi А. Мамин «Ауыл — Ел бесiгi» жобасын iске асыруды ерекше бақылауға алуды және республикалық маңыздағы қалалардың төңiрегiндегi мәселелердi шешу мен абаттандыруға ден қою керектiгiн тапсырды.