Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев жұмыс сапарының аясында Целиноград ауданында болды

Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев жұмыс сапарының аясында Целиноград ауданында болды

Бүгiн, Ақмола облысы әкiмдiгiнiң және «Компания НұрайСтрой» ЖШС арасында Целиноград ауданында аз қамтылған және көпбалалы отбасыларды тұрғын үймен қамтамасыз ету саласындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

Екi жақты келiсiмге қол қоюдың салтанатты рәсiмiнде облыс әкiмi Ермек Маржықпаев жергiлiктi кәсiпорындардың басшыларына ауылдастарының әлеуметтiк-әлжуас тобына қолдау көрсеткенi үшiн алғысын бiлдiрдi.

Целиноград ауданының басқа да iрi шаруашылықтары қалыс қалған жоқ. «Родина» агрофирмасы» ЖШС, «Мәншүк-АЭ» ЖШС, «Ақтық» ЖШС сияқты кәсiпорындардың басшылары өздерiнiң жерлестерi үшiн тұрғын үй ұсынды. Осы бағыттағы жұмыс жалғастырылатын болады.

Сондай-ақ, жұмыс сапарының барысында өңiр басшысы Ақмол ауылының орталық қазандығын тексердi, «Бақыт» жаңа шағын ауданын аралап көрдi, «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша көп пәтерлi тұрғын үйлер аумағының абаттандырылумен және инженерлiк тораптар құрылысының барысымен танысты.

Жұмыс сапарының қорытындысы бойынша Ермек Маржықпаев аудан орталығын дамыту бойынша бiрқатар тапсырмалар бердi.