Ақмола облысының үздік спортшылары Қажымұқан Мұңайтпасовтың атындағы сыйақымен марапатталды

Ақмола облысының үздік спортшылары Қажымұқан Мұңайтпасовтың атындағы сыйақымен марапатталды

Бүгiн, Көкшетау қаласында «Ақмола облысының спорт тарландары» атты жыл сайынғы спорт форумы өттi. Ақмола облысы өзiнiң спорт тарихымен және оның атақты чемпиондары мен рекордшыларын тәрбиелеп шығарған даңқты дәстүрлерiмен мақтана алады.

«Спорт қауымдастығының үздiктерiне құрмет көрсету және Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы арнайы сыйақымен марапаттау жақсы бiр дәстүрге айналды. Бүгiн бiз өзiнiң еңбегiмен, дарындылығымен облысымызды, сондай-ақ халықаралық аренада тұтастай Қазақстанды танымал еткен спортшыларымызға құрмет көрсетемiз. Әрбiр медаль — ол даңқ, сондай-ақ үлкен спортқа алғашқы қадам басқандар үшiн нақтылы үлгi боларлық» — деп атап өттi өз сөзiнде облыс әкiмi Ермек Маржықпаев.

2018 жылдың қорытындысы бойынша ресми халықаралық жарыстарда жеңiске жеткенi үшiн спортшылар мен жаттықтырушылар ақшалай сыйлықақымен және естелiк сыйлықтармен марапатталды.

Семсерлесуден халықаралық дәрежедегi спорт шеберi, жазғы Азия ойындарының чемпионы Дмитрий Алексанин облыстың үздiк спортшы, Қазақстан Республикасының бокстан құрметтi жаттықтырушысы Александр Высоцкий үздiк тәлiмгер болып танылды. Сонымен қатар, түрлi аталымдар бойынша 30 жеңiмпаз марапатталды. Олар — олимпиялық емес және ұлттық спорт түрлерiнен спортшылар мен жаттықтырушылар, спорт мектептерi мен командалар, сондай-ақ өңiрде спорт саласына демеушiлiк және ақпараттық қолдау көрсеткен меценаттар мен БАҚ өкiлдерi.

Өткен жылы ресми республикалық және халықаралық жарыстарға облыс спортшылары түрлi деңгейдегi 1015 медальға ие болды, ол 2017 жылғы көрсеткiштен 225 медальға көп.

Ақмола облысында жыл сайын спорт мектептерiнде, балалар мен жасөспiрiмдердiң клубтарында, спорт имараттарында спортпен шұғылданатындардың саны өсiп келедi. 2018 жылы қосымша 53 спорт объектiсi iске қосылды. Биылғы жылы Ерейментау және Бiржан сал аудандарында дене шынықтыру-сауықтыру кешендерiнiң құрылысы басталады.