Ақмола облысында су тасқынына қарсы іс-шаралар ерекше бақылауда

Ақмола облысында су тасқынына қарсы іс-шаралар ерекше бақылауда

Өңiр басшысы Ермек Маржықпаевтың төрағалық етуiмен аудандар, Көкшетау және Степногорск қалалары әкiмдерiнiң, облыстық басқармалар мен департаменттер басшыларының, орталық мемлекеттiк органдардың аумақтық бөлiмшелерi, ұйымдар мен кәсiпорындар өкiлдерiнiң қатысуы арқылы төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөнiндегi облыстық комиссияның отырысы селекторлық режимде өттi.

Бүгiнгi таңда, су тасқынының алғашқы толқыны өтуде, ол қоршаған ауаның жоғарылауының және жауын-шашын түсуiнiң салдарынан елдi мекендерде қарқынды қардың еруiмен, алқаптардан су ағынымен сипатталады.

«Қазгидромет» облыстық филиалының директоры Бақыт Мақажанова ағымдағы жылғы 25 наурызға қар түсiрiлiмiнiң нәтижелерi туралы ақпарат бердi: облыс бойынша қардың орташа биiктiгi 2018 жылғы осыған ұқсас кезеңмен салыстырғанда 52% көп және қардағы судың қоры өткен жылға қарағанда 53% жоғары.

Төтенше жағдайлар департаментiнiң басшысы Алексей Советов аудандардың алдағы су тасқынына дайындығы бойынша проблемалық мәселелер, өзендердiң ағымдағы ахуалы, облыстың күштерi мен құралдарының дайындығы, сондай-ақ аудандық бөлiмшелердегi штабтардың жұмысы туралы айтып бердi. Гидротехникалық имараттардың ағымдағы ахуалы, апатты жағдайдағы ГТИ жөндеу-қалпына келтiру жұмыстарын жүргiзу қажеттiлiгiне ерекше назар аударылды.

Аудандарда барлық жедел штабтар жұмылдырылды. Елдi мекендерден су сору жұмыстарының негiзгi көлемi Целиноград ауданына тиесiлi. Жағдайды тұрақтандыру, тасқын суына қарсы iс-шараларды жүргiзу, үйлер мен шаруашылық объектiлерiн су баспау мақсатында, 27 наурызда Целиноград ауданына аудандық ТЖБ бөлiмшелерiн күшейту үшiн Ақмола облысының ТЖД күштерi мен құралдарынан топ жiберiлдi. Оған қосымша 13 техника, 2 моторлы қайық, 20 мотопомпа және ТЖ департаментiнiң жеке құрамынан 47 адам қосылды. Аудандық коммуналдық қызметтердiң қолда бар өзiндiк күштерi мен құралдарынан басқа: тиегiш — 6 дана, экскаватор — 3 дана, бульдозер — 2 дана, АС-машина — 5 дана, мотопомпа — 7 дана, су тасушы — 2 дана, өздiгiнен түсiргiш — 4 дана, МТЗ тракторы — 3 дана, автогрейдер — 2 дана, басқа да қосалқы техника (УАЗ, тех. көмек және т.б.) — 18 дана.

«Целиноград гарнизонының барлық 4 бөлiмшесi мотопомпалармен жинақталды және басымдылыққа ие 4 бағыт бойынша бөлiндi. Су сору мүмкiндiгi жоқ орындарда суды шығару үшiн ассенизаторларды жалдау жұмысы қосымша жүргiзiлуде. Осылайша, тәулiк бойғы негiзде 35 ассенизатор тартылды. Ауданда қыс маусымында 43467 м3 қар шығарылды. Қардың барша көлемiн шығару мүмкiн емес, себебi негiзгi массасы үйлердiң аулаларында және ол жалпы көлемнiң үлкен бөлiгiн құрайды», — деп хабарлады Целиноград ауданының әкiмi Малғаждар Тәткеев.

Жергiлiктi атқарушы органдардың және «Қосшықуат» ШЖҚ МКК күштерiмен республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында су өткiзу имараттарын тазалау бойынша жұмыс жүргiзiлдi — 135 су өткiзу имараты тазартылды, облыстық маңызы бар автомобиль жолдарында — 33 су өткiзу имараты тазартылды, аудандық маңызы бар автомобиль жолдарында — 28 су өткiзу имараты тазартылды, жергiлiктi маңызы бар, елдi мекен шегiнде — 118 су өткiзу имараты тазартылды.

«Қоянды, Қараөткел және Талапкер елдi мекендерiнiң аумағында орын алған жағдай шешiмге кешендi көзқарасты талап етедi, өйткенi осы елдi мекендердегi қарқынды құрылыс, ерiген қар суларын сору үшiн бос алаңдарды барынша тарылтты, ол елдi мекендерде ауқымды су басу көлемдерiнiң бiрiншi себебi болып табылады», — дедi М. Тәткеев.

Өз кезегiнде, Аманбек Қалжанов Атбасар ауданында тасқын суына қарсы жүргiзiлiп жатқан iс-шаралар туралы баяндап бердi. Бүгiнгi таңда, 6657 шаршы метр ауданындағы 26 учаскеде мұзды ұсақтау және бөлшектеу бойынша жару жұмыстары жүргiзiлдi, қала аумағынан 54000 м3 қар шығарылды, түрлi қуаттағы 12 сорғыш тобы дайындалды, темiр жол көпiрiнде метрошток орнату арқылы онлайн режимiнде бейне бақылау, дуал бойының қауiптi учаскелерiнде қосымша жарықтандыру құрылғылары орнатылды.

Су басу ықтималдылығы бар аймақта 167 отбасы тұрады, оның iшiнде: Атбасар қаласында — 87, ауылдық елдi мекендердi — 80. Әрбiр үйге эвакуациялық iс-шаралар жүргiзу үшiн мамандандырылған техникасымен ұйымдар бекiтiлiп берiлдi.

Ермек Маржықпаев Атбасар ауданының әкiмiне жаңа шағын ауданда пәтер алған барлық тұрғындарды су тасқыны қауiптi аймақтардан көшiру бойынша қара қолдануды тапсырды.

Өңiр басшысы селекторлық режимде су тасқыны қауiптi басқа да аудандар әкiмдерiнiң де су тасқынына қарсы жүргiзiлiп жатқан iс-шаралар туралы баяндамаларын тыңдады.

Селекторлық кеңестiң қорытындысы бойынша, облыс әкiмi су тасқынына қарсы дайындық барысында анықталған кемшiлiктердi жоюды, барлық күштер мен құралдарды жұмылдыруды, жағдайды тұрақты бақылауда ұстауды тапсырды.