Ақмола облысында жобалық басқару мәселелері талқыланды

Ақмола облысында жобалық басқару мәселелері талқыланды

Ақмола облысының әкімі Е. Маржықпаев «ЭВС» ЖШС директоры Сергей Авраменкомен кездесті.

ЭВС компаниясы – цифрлық шешімдердің продюсерлік орталығы. Басты мақсаты — Қазақстанда жобалық тәсілді дамыту. ЭВС SONETPLAN платформасында бюджеттік сала, шағын және орта бизнес, қоғамдық ұйымдар қызметкерлерін, БАҚ өкілдерін қашықтықтан оқыту/сертификаттауды жүзеге асырады және лицензия береді.

Өнімнің авторы Евгений Куриленко жобалық басқаруды ұсынып, ол туралы айтып берді.

ЭВС компаниясы меншіктің барлық нысанындағы ұйымның әкімшілік шешімдерден алдағы үш жылда жобалық тәсілге көшуін қамтамасыз етуді жоспарлап отыр.

Әлемдік трендтерге сәйкес, Қазақстанда жобалық басқару мемлекеттік ауқымға ие болады. Ұлттық жобалар мен аумақтарды дамыту стратегиялары қоғам іске асыратын көптеген міндеттерді қамтиды. Мемлекеттік органдардың жобалық кеңселері негізгі мақсаттарды басқара алуы үшін барлық белсенді азаматтардың қатысуы қажет. Бірақ, қазіргі уақытта жобалық басқару барлық жерде қолданылмайды және бұл басты мәселе. SONETPLAN цифрлық платформасы барлық мемлекеттік және азаматтық қызметкерлеріне оқудан өтіп, «soft skills» жобалық басқару дағдыларын қалыптастыруға мүмкіндік береді, соның нәтижесінде жергілікті атқарушы органдар қызметінің сапа деңгейі артады, - деп мәлімдейді жоба авторлары.

Өңір басшысы серіктестік жобасымен мұқият танысып, аталған жүйені Ақмола облысының жергілікті атқарушы органдарының құрылымына енгізудің орындылығы туралы ұсыныстар енгізуді тапсырды.