Ақмола облысы әкімінің орынбасары тағайындалды

Бүгiн, өңiр басшысы Мәлiк Мырзалин аппараттық кеңесте Ақмола облысы әкiмiнiң жаңа орынбасарын таныстырды.
Облыс әкiмiнiң ағымдағы жылғы 17 тамыздағы өкiмiмен Қазақстан Республикасы Президентi Әкiмшiлiгiнiң келiсiмi бойынша Марат Несiпқалиұлы Иғалиев Ақмола облысы әкiмiнiң индустрияландыру, кәсiпкерлiк және инвестициялар мәселелерi жөнiндегi орынбасары болып тағайындалды.
Марат Иғалиев, 1974 жылы туған, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе педагогикалық институтын, ҚР Президентiнiң жанындағы Мемлекеттiк басқару академиясын, Алматы экономика және статистика институтын бiтiрген. Саяси ғылымдар кандидаты.
Мемлекеттiк қызметтегi еңбек жолын 1999 жылы ҚР Қауiпсiздiк Кеңесiнiң Талдау орталығында сарапшы болып бастады.
2003-2009 жылдар кезеңiнде Ақтөбе облысы әкiмi аппаратының басшысы, ҚР Президентi Әкiмшiлiгiнiң Мемлекеттiк бақылау және ұйымдастыру жұмысы бөлiмiнде бас сарапшы, одан кейiн бас инспектор, ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрiнiң кеңесшiсi, ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрлiгi Экологиялық реттеу және бақылау комитетi төрағасының орынбасары болып қызмет атқарды.
2010-2017 жылдары ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрi кеңесшiсiнiң, ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлiгi Атом энергетикасы комитетi төрағасы орынбасарының, Әкiмшiлiк-кадр жұмысы департаментi директорының, Индустрия және жаңа технологиялар министрлiгi Туризм индустриясы комитетi төрағасының лауазымдарында болды.
2014-2017 жылдары ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлiгi Кадр жұмысы және туризм индустриясы департаментiн басқарды, «Қазконтент» АҚ төрағасының орынбасары болып iстедi.
Осы тағайындалуына дейiн, Ақмола облысы әкiмi кеңесшiсiнiң лауазымын атқарды.
Бұған дейiн индустрияландыру, кәсiпкерлiк және инвестициялар мәселелерiн қадағалаған облыс әкiмiнiң орынбасары Қанат Ыдырысовқа экономика мәселелерiн қадағалау жүктелдi.