Ақмола облысында "Smart Aqmola” бағдарламасы таныстырылды

Ақмола облысында "Smart Aqmola” бағдарламасы таныстырылды

Бүгiн Ақмола облысының әкiмi Мәлiк Мырзалиннiң төрағалығымен өңiрде «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасын жүзеге асыру бойынша кеңес өткiзiлдi.

Ақмола облысында цифрлық технологияларды пайдалану арқылы келесi бағыттар бойынша жаңа даму траекторияларына көшудi қамтамасыз ететiн "Smart Aqmola” жобалық офисi құрылды: «Ашық әкiмдiк», «Smart денсаулық сақтау», «Smart бiлiм беру», «Smart agro», «Smart көлiк», «Smart ТҮКШ», «Қауiпсiз қала», «Инновациялық алаң».

Мысалы, Бiлiм берудi цифрландырудың жол картасы шеңберiнде балабақшаға өтiнiш беру, электрондық журнал және күнделiк жүйесiн автоматтандыруды енгiзу, 100% компьютерлiк және мультимедиялық техниккамен және т.б. жарақтандыру жоспарланып отыр.

Медициналық қызмет көрсету сапасын арттыру да үрдiстердi автоматтандыру есебiнен жсопарланып отыр. Ақмола облысы 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап медициналық құжаттарды қағазсыз жүргiзу пилоттық жобасына енгенiн айта кетуiмiз керек. Кешендi медициналық-ақпараттық жүйе шеңберiнде пациенттiң электрондық кабинетi және электрондық денсаулық паспорты енгiзiледi, оларда кез келген пациент онлайн режимде дәрiгердiң қабылдауына жазыла алады, сараптама нәтижелерiмен, диагностикалық қызметтермен және барлық медициналық жазулармен кез келген қолайлы уақытта таныса алады.

Мобильдiк қосымшаның арқасында мекенжай бойынша мәлiмдеме және профилактикалық тексерiстер, әртүрлi скринингтер өту қажеттiгi туралы еске салу, салауатты өмiр салтын ұстану туралы ұсыныстар, қашықтықтан дәрiгердiң кеңесiн ала алады.

Ситуациялық орталық пен "Smart Aqmola” порталдық платформасы арасында Ақмола облысының кез келген тұрғынына орын алған проблемалы мәселелерi бойынша ақпарат алуға және сауалнама жiберуге мүмкiндiк беретiн ақпарат алмасу сызбасы ұйымдастырылды.

Ақылды өңiр құру мен дамытудың мақсаты — адамдардың өмiр сүру сапасын, жайлылығын, қауiпсiздiгiн арттыру, қаланы абаттандырудың жоғары деңгейi, бизнестi дамытуға жағдайлар жасау, азаматтар мен мемлекеттiк құрылымдар ұйымдарының өзара қарым-қатынасын жеңiлдету. Бұл бюджет шғындарын қысқартуға және мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтiң тиiмдiлiгiн арттыруға мүмкiндiк бередi.