Көкшетаулық «Арлан» командасы алғаш рет шайбылы хоккейден Қазақстан чемпионы атанды

16 сәуiрде көкшетаулық «Арлан» және астаналық «Номад» командаларының арасында шайбылы хоккейден Қазақстанның ашық чемпионатының плей-офф ойындарының алтыншы ақтық кездесуi өткiзiлдi. Шешушi кездесуде «арландықтарды» қолдау үшiн Ақмола облысының әкiмi Мәлiк Мырзалин келдi.
Бүгiн өзiнiң үздiк ойын өрнегiн көрсете бiлген «арландықтар» «көшпендiлермен» кездесуiнде тамаша жеңiске жеттi. Салтанатты рәсiмде облыс әкiмi Мәлiк Мырзалин жалынды сөз сөйлеп, барша ақмолалықтарды жеңiспен құттықтады. «Достар, бiз бұл жеңiстi көп күттiк. Бiзде «қола» болды, «күмiске» де ие болдық, ал бүгiн қолымызда — «алтын»! Арлан — чемпион!» Лық толы хоккей стадионы қуанышқа бөленiп, ду қол шапалақтауға ұласты. Жанкүйерлер құшақтасып, Қазақстан Республикасының 2017/2018 ашық чемпионатына қошемет көрсеттi.
«Арлан» хоккей клубы Қазақстанның шайбылы хоккей федерациясының бастамасымен 2009 жылы құрылған болатын. 2013 жылғы наурызда «арландықтар» жаңа сатыға көтерiлдi. Көкшелiктер тұрақты чемпионаттың жеңiмпазы аталды. Шығып қалу ойындарының қорытындысы бойынша «Арлан» алғаш рет елдiң үздiк үш командасының қатарына қосылды. 2013-2014 жылдар маусымында көкшелiктер 15 жеңiске қаратынан жеткен команда. Бұл, Қазақстанның ашық бiрiншiлiгiнiң абсолюттi рекорды. Ол маусымның басты маңыздылығы, плей-офф болды, оның қорытындысы бойынша «Арлан» алғаш рет өзiнiң аз тарихында күмiс медальды жеңiп алды. 2014-2015 жылдардағы маусымда да командамыз Қазақстан чемпионатының күмiс жүлдегерi атанды. Бүгiн, «Арлан» хоккей командасы — Ақмола облысының нағыз брендi және визит карточкасы, қазiргi таңда — Қазақстан ЧЕМПИОНЫ! Барлық ақмолалықтарды жеңiспен құттықтаймыз!