Ақмола облысының әкiмi Мәлiк Мырзалиннiң Тәуелсiздiк күнiмен құттықтау

Ақмола облысының әкiмi Мәлiк Мырзалиннiң Тәуелсiздiк күнiмен құттықтау

Баршаңызды Ұлттық ұлық мерекемiз — Қазақстан Республикасының Тәуелсiздiк күнiмен құттықтаймын!

Өткен тәуелсiздiк жылдарында елiмiз Ұлт Көшбасшысы Нұрсұлтан Әбiшұлы Назарбаевтың басшылығымен осы заманғы қарқынды дамыған iргелi елге айналды. Қазiргi уақытта бiз болашаққа батыл қадам басып, Елбасымыз алға қойған әлемнiң бәсекелестiкке қабiлеттi отыз мемлекетiнiң қатарынан көрiну жөнiндегi ауқымды мiндеттi орындауға жұмыла кiрiсiп, дамудың айқын жолына түстiк.

Қазақ елiнiң тәуелсiздiк тарихын айтқанда оны алдағы жылы 20 жылдық мерейтойын атап өткелi отырған Астанамыздан бөлiп қарауға болмайды. Бүгiнде әлемдегi сәулеттi де сұлу шаһарлардың санатына енген Елордамыздың бас сәулетшiсi Ұлт Көшбасшысы болғанын атап өткен артық болмас. Астана аса қысқа мерзiм iшiнде ертегiнiң қаласындай және елiмiздiң жедел дамуының бейнесi iспеттi тез бой көтердi.

Өткен кезеңде елiмiз халықаралық саясатта елеулi рөл атқарып, әлемнiң саяси картасынан лайықты орын алды. Биылғы жылы Қазақстан ТМД елдерi арасында бiрiншi болып елiмiздiң дамуына тың серпiн берген халықаралық EXPO-2017 көрмесiн өткiздi.

Бүгiнгi ұрпақтың басты мiндетi — тәуелсiз елiмiздi сақтап, дамыту және қол жеткен жетiстiктерiмiздi онан әрi еселеу, ұлтаралық және дiнаралық татулықты сақтау десек, бұл бағытта табыстарымыз аз емес.

Қадiрлi жерлестерiм! Баршаңызды бүгiнгi елiмiз үшiн айтулы мерекемен шын жүректен құттықтай отырып, дендерiңiзге саулық, отбастарыңызға бақыт, еңбектерiңiзге табыс тiлеймiн! Отанымыздың гүлденуi жолындағы еңбегiмiз жанып, тәуелсiз Қазақстанымыз мәңгi жасай берсiн!