Ақмола облысында алғашқы рет оқушылардың инновациялық дамуына үлес қосқан ұстаздар ақшалай сертификатпен марапатталды

Ақмола облысында алғашқы рет оқушылардың инновациялық дамуына үлес қосқан ұстаздар ақшалай сертификатпен марапатталды

Бүгiн Көкшетауда облыс әкiмi М. Мырзалин қатысуымен ұстаздар мерекесiне арналған салтанатты жиын болып, оған 400 ден астам ұстаз қатысты.

Саланатты шарада аймақ басшысы өңiр ұстаздардын кәсiби меркесiмен құттықтады.

«Бiздiң облысымызда 22 мыңнан астам мұғалiм еңбек етедi. Олардың барлығы ел болшаған тәрбиелеп жатқан кәсiби мамандар», — деп атап өттi М. Мырзалин.

Сондай-ақ облыс әкiмi «ұстаздар күнi» мерекесi ерекше күн екенiн айтты. «Мен жылда бұл мерекенi ең бiрiншi менiң өмiрiмде бiлiм нәрiмен сусындатқан ұстаздарды төл мерекесiмен құттықаудан бастаймын, биыл да бұл үрдiстен жаңылмай, ұстаздарымды құттықтадым»,-дедi ол. Бұған қоса, аймақ басшысы облыс әкiмдiгi өңiрде орын алған, кадрлық мәселелердi шешу мақсатында биылғы жылдан бастап педагогикалық мамандықтар бойынша ЖОО-ларға 100 бiлiм гранты бөлiнгенiн де айтты.

Салтанатты шара барысында, облыс әкiмi аймақтағы бiлiм саласының дамуына үлес қосқан ұстаздарға ведомствалық наградалар, алғыс хаттар табыстады.

Биыл бiрiншi рет облыста оқушылардың инновациялық дамуына үлес қосқан мұғалiмдер ақшалай сертификатқа ие болды. Осы күнi облыс әкiмi қолынан 11 ұстаз әрқайсысы 100 мың теңгенi құрайтын сертификаттарды алды.

Мерекелiк iс-шара концерттiк бағдарламамен аяқталды.