Ақмолалықтардың қажеттілігі мен талабы – басшылық мойнында

Ақмолалықтардың қажеттілігі мен талабы – басшылық мойнында

Ү.ж. 5 қыркүйекте облыстық мәслихаттың 14 сессиясы болды, сессияда Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2006 жылғы 18 қаңтардағы №19 Жарлығына сәйкес депутаттар алдында облыс әкiмi М.Мырзалин оған жүктелген функциялар мен мiндеттердiң атқарылуы жөнiнде есеп бердi.

Облыс әкiмi халық қалаулыларына ақпарат бергендей, ү.ж. 7 айының қорытындысы бойынша облыста дамудың оң динамикасы сақталуда. Әсiресе, шынайы сектордың, ауыл шаруашылық пен құрылыс салаларында көрсеткiштер өскен.

Экономикадағы инвестициялардың өсуi 110,9%-ды құрады. Жыл басынан берi облыста 100-ден астам әлеуметтiк және өндiрiстiк инфрақұрылым, шағын және орта бизнес нысаны ашылды. Жұмыссыздық деңгейi 4,8%-ға дейiн төмендедi. Сонымен қатар, облыста мемлекеттiк индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы аясында құны 600 млрд.теңгеден жоғары 18 жоба iске асырылып жатыр. Үстiмiздегi жылы 7 жобаның iске қосылуымен бiр мыңнан астам жаңа жұмыс орындары ашылмақшы.

Бұл ретте, облыс әкiмi ел Президентi Н.Назарбаевтың жариялауымен «Рухани жаңғыру» Жалпыұлттық бағдарламаны одан әрi iске асыруға баса көңiл аударды. Облыста жалпы 10,2 млрд. теңгеге 102 жоба анықталды, соның iшiнде 4,8 млрд теңгесi «Туған жерге — тағзым» патриоттық акциясына қатысқан бизнес, меценат, өңiр тумалары өкiлдерiнiң үлесi есебiнен анықталды.

Өз кезегiнде, облыстық мәслихат депутаттары Геннадий Осиненко мен Қайрат Сұлтанов жергiлiктi атқарушы органдардың жұмыстары туралы ұсынылған егжей-тегжейлi талдауында алдағы перспективаға мiндеттер анықталып, оларды iске асыруда белсендi атсалысу екенiн атап кеттi, ол — билiктiң атқарушы және өкiлеттi органдарының жалпы мiндеттерi.

Жалпы, депутаттар облыс әкiмiнiң есебiн бiрауыздан мақұлдады.