ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттарының Ақмола облысына іс сапары жалғасуда

Ақмола облысын жұмыс сапарымен аралап жүрген Қазақстан Республикасы Парламентi Мәжiлiсiнiң депутаттары Майра Айсина, Михаил Чирков,Сапархан Омаров, Юрий Тимощенко, Мұрат Темiржанов, Сергей Звольский және Жанат Омарбекова өңiрiмiздегi iрi кәсiпорындардың бiрi «Камаз Инжиниринг» зауытында болып, жұмысшылармен кездестi. Жұмыс циклымен танысқан халық қалаулылары зауыт инжинерлерiмен және қатардағы жұмысшы мамандармен бiрқатар мәселелердi талқылады.
«Бiз бүгiн кәсiпорынның жұмысымен танысып, жұмысшылармен сөйлестiк.Оларды мазалаған сұрақтарына жауап бердiк. Жұмыс iстеу үшiн бұл кәсiпорын қабырғасында барлық жағдай жасалған. Кәсiпорындағы орташа жалақы 140-150 ың теңгенi құрайды. Бұдан өзге жұмысшылар үшiн тегiн медициналық қызмет көрсету белгiлен»,- дедi өз сөзiнде Майра Айсина.
«Камаз-Инжиниринг» мекемесi Қазақстан мен Ресейдiң бiрлескен жобасы аясында ауыр жүк көлiктерiн шығаратын өңiрiмiздегi ең iрi кәсiпорындардың бiрi болып табылады. Ресейдiң «Камаз» АҚ және Қазақстандық «Камаз Инжиниринг» Ұлттық компаниясы бiрлесiп, 2005 жылдан берi жүк көлiктерiн құрастырумен айналысуда.
Бүгiнгi таңда кәсiпорын қабырғасында 200 ден астам адам еңбек етуде. Еңбек ұжымы қазақстандық «Камаз» модельдiк қатарын қалыптастырып, шығаруға өз үлестерiн қосқандығын мақтанышпен жеткiзуде.
Сонымен қатар жұмыс барысында халық қалаулылары «Көкшетау автобус паркiнде» болып, автобус жүргiзушiлерi жанар-жағармай бағасының көтерiлуi, автомобиль бөлщектерiнiң қымбаттауы мен жас отбасыларын баспанамен қамтамасыз ету мәселелерiн көтердi. өңiрдiң үкiметтiк емес ұйымдарымен кездесу өткiздi. Ұжымдық кездесулерге қатысқан Мәжiлiс депутаттары бiрқатар сұрақтарға жауап берiп, бүгiнгi таңда үлкен талқылауға ие болған Елбасының Қазақстан халқына арнаған Жолдауын, бағдарламалық мақаласы мен медициналық сақандыру мәселесiн түсiндiрiп бердi. Бұл күнi партияның қоғамдық қабылдауында депутаттар азаматтарды жеке мәселелерi бойынша қабылдау жүргiздi.