Ақмола облысының әкімі М.М. Ахметжановтың Егіндікөл ауданының халқымен кездесуі
«Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 3 наурыздағы № 826 Жарлығын орындау үшін 2024 жылғы 10 шілде күні сағат 15.00-де Егіндікөл а. мәдениет үйінің ғимаратында Ақмола облысының әкімі М.М. Ахметжановтың Егіндікөл ауданының халқымен кездесуі өткізіледі.
Халықпен кездесу өткізгеннен кейін мәдениет үйінің ғимаратында Ақмола облысы әкімінің азаматтарды жеке қабылдауы ұйымдастырылады.
Оқиға күні
10 шілде 2024
Оқиға түрі
Кездесу