Ақмола облысының қаржы басқармасы жергілікті бюджеттердің орындалуы бойынша есеп және есептеме бөлімінің бас маманы (негізгі қызметкердің 2027 жылғы 15 ақпанды қоса алған жүктілігі және босану бойынша демалысы кезеңіне)
«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру
Ақмола облысы әкімі аппараты
Конкурс туралы ақпарат
Құжаттарды қабылдау мерзімі: 27.11.2026 - 30.11.2026
Қабылдау 1 этап: 27.11.2026- 30.11.2026
Қабылдау 2 этап: 01.12.2026
Практикалық бағалау: 02.12.2026
Анықтама телефоны: 87162297231
D-O-4 санат үшін орташа лауазымдық жалақы : 327923
(Лауазымдық жалақы нақты қызметкердің жұмыс өтіліне
байланысты хабарландыруда көрсетілгеннен өзгеше болуы мүмкін)
Лауазым атауы:
Ақмола облысының қаржы басқармасы жергілікті бюджеттердің орындалуы бойынша есеп және есептеме бөлімінің бас маманы (негізгі қызметкердің 2027 жылғы 15 ақпанды қоса алған жүктілігі және босану бойынша демалысы кезеңіне), D-O-4
Функционалдық міндеттері:
Бухгалтерлік есепті жүргізу, басқарма аппараты бойынша қаржылық, бюджеттік, салықтық және статистикалық есептілікті қалыптастыру. Бюджеттік өтінімді және оған есептерді қалыптастыру. Қаржы басқармасының қызметін қамтамасыз ету үшін мемлекеттік сатып алулар процесін жүзеге асыру. Аудандық (қалалық) бюджеттердің атқарылуы туралы айлық және жылдық есептерді қабылдау, облыс бойынша жиынтық есептерді және облыстық бюджеттің атқарылуы туралы есептерді қалыптастыру, ҚР Қаржы министрлігіне және басқа органдарға ұсыну. ББӘ-нен, аудандардан тоқсандық, жарты жылдық және бюджеттік есептерді қабылдау, жинақтау, ҚР ҚМ Қазынашылық комитетіне шоғырландырылған қаржылық және бюджеттік есептерді ұсыну. Қаржы басқармасы бойынша талдамалық есепті жасау. Бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органның бюджеттік бағдарламалары және қаржы басқармасының аппараты бойынша төлемдерді жүргізу. Қазынашылық органдарында шарттарды тіркеуге өтінімдерді, салыстырыптексеру актілерін, шарттарды дайындау. Облыстық бюджет және аудандық (қалалық) бюджеттер бойынша ақылы қызмет, қайырымдылық және демеушілік көмек бойынша тоқсандық, жылдық есептерді қабылдау және облыс бойынша жиынтық есептерді құру, ҚР Қаржы министрлігіне ұсыну. Бөлімнің құзіреті шегінде бюджеттің атқарылуы бойынша баяндамалардың жобаларын материалдарды, талдамалық анықтамаларды, кестелерді дайындау. Басқарма мүлкін есепке алу және сақталуын қамтамасыз ету. Сатып алынған материалдық құндылықтар, олардың шығындалуы туралы есепті, есептен шығару актілерін жасау. Аудандар мен қалалардан жарты жылдық, жылдық шоғырландырылған қаржылық есептілікті қабылдау.
Білімі бойынша талап:
Жоғары білім, жоғары оқу орнынан кейінгі білім: экономика, қаржы, есеп және аудит
Жұмыс тәжірибесі бойынша талаптар:
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім; жұмыс өтілі талап етілмейді.
Шағым жасау тәртiбi
Үміткерлер уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не сот тәртiбiнде конкурс қорытындыларына және/немесе кадр қызметінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдана алады.
3