Ақмола облысы жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы бухгалтерлік есеп және жоспарлау бөлімінің бас маманы

«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру

Ақмола облысы әкімі аппараты

Конкурс туралы ақпарат

Құжаттарды қабылдау мерзімі: 22.10.2026 - 23.10.2026

Қабылдау 1 этап: 22.10.2026- 23.10.2026

Қабылдау 2 этап: 27.10.2026

Практикалық бағалау: 28.10.2026

Анықтама телефоны: 87162297231

D-O-4 санат үшін орташа лауазымдық жалақы : 282693

(Лауазымдық жалақы нақты қызметкердің жұмыс өтіліне

байланысты хабарландыруда көрсетілгеннен өзгеше болуы мүмкін)

Лауазым атауы:

Ақмола облысы жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы бухгалтерлік есеп және жоспарлау бөлімінің бас маманы, D-O-4

Функционалдық міндеттері:

ведомстволық бағынысты мекемелердің «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу мәселелері бойынша қаржылық тәртіпті сақтауын қамтамасыз ету. Ведомстволық бағынысты мекемелерден өткізілген мемлекеттік сатып алулар, тауарлар, жұмыстар мен қызметтер туралы ақпарат пен есептер жинау бойынша жұмыс жүргізу. «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес басқарманың тауарларын, жұмыстары мен қызметтерін мемлекеттік сатып алуды дайындау және өткізу. Тауарлар, жұмыстар мен қызметтердің жоспарланған жиынтық қажеттіліктер номенклатурасын құру. Мемлекеттік сатып алу бойынша ай сайынғы және тоқсан сайынғы есептерді жасау және мемлкеттік сатып алу бойынша уәкілетті органға ұсыну. Жеткізушілерден шоттар алу, оларды өңдеу, шарттар бойынша сомаларға ақы төлеуді ресімдеу, №6 мемориалдық ордерін жүргізу және қызметтерді, жұмыстарды және тауарлық-материалдық құндылықтарды ұсыну бойынша жеткізушілермен өзара есеп айырысуларды салыстырып тексеруді жүргізу. Мемлекеттік функцияларды орындау, түрлі есептерді дайындау бойынша бизнеспроцестерді кешенді автоматтандыру үшін интеграцияланған жүйелерде жұмыс істеу. Азаматтық-құқықтық актілерді тіркеуге өтінімдерді қалыптастыру. Басқарма бойынша бюджеттік өтінім жасау. Бөлімге келіп түсетін сұрауларды, хаттарды, шағымдарды және мемлекеттік сатып алу мәселелері бойынша ұсыныстарды уақытылы және сапалы қарау. Тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) мемлекеттік сатып алуды жүргізу жөніндегі комиссия хатшысының міндеттерін орындау. Мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарларын, хаттамаларын шарттар туралы мәліметтерін, жоспарланатын мемлекеттік сатып алу туралы хабарландыруды дайындау және оларды интернет ресурста және Веб-порталда уақтылы орналастыру, мемлекеттік сатып алу туралы шарттарды уақтылы жасасу, сотқа талап қоюмен жүгіну үшін басқарманың заңгеріне мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізіліміне әлеуетті өнім берушіні енгізу жөніндегі құжаттаманы уақтылы ұсыну және мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушы туралы мәліметтерді уәкілетті органға уақытылы жолдау. Мемлекеттік сатып алу саласындағы заңнаманы сақтау бойынша ведомстволық бағынысты мекемелерді тексеруге қатысу. Ведомстволық бағынысты мекемелерді мемлекеттік сатып алу бойынша қолданыстағы заңнамадағы өзгерістермен таныстыру және әдістемелік көмек көрсету.

Білімі бойынша талап:

Жоғары білім, жоғары оқу орнынан кейінгі білім: экономика, қаржы, есеп және аудит

Жұмыс тәжірибесі бойынша талаптар:

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім; жұмыс өтілі талап етілмейді.

Шағым жасау тәртiбi

Үміткерлер уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не сот тәртiбiнде конкурс қорытындыларына және/немесе кадр қызметінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдана алады.

Жарияланған күні

20 қазан 2026 11:52

Жаңарту күні

20 қазан 2026