Ақмола облысының цифрландыру және архивтер басқармасы цифрлық трансформация, жасанды интеллектті және инновациялық жобаларды дамыту бөлімінің бас маманы
«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру
Ақмола облысы әкімі аппараты
Конкурс туралы ақпарат
Құжаттарды қабылдау мерзімі: 21.10.2026 - 22.10.2026
Қабылдау 1 этап: 21.10.2026- 22.10.2026
Қабылдау 2 этап: 23.10.2026
Практикалық бағалау: 24.10.2026
Анықтама телефоны: 87162297231
D-O-4 санат үшін орташа лауазымдық жалақы : 327923
(Лауазымдық жалақы нақты қызметкердің жұмыс өтіліне
байланысты хабарландыруда көрсетілгеннен өзгеше болуы мүмкін)
Лауазым атауы:
Ақмола облысының цифрландыру және архивтер басқармасы цифрлық трансформация, жасанды интеллектті және инновациялық жобаларды дамыту бөлімінің бас маманы, D-O-4
Функционалдық міндеттері:
АТ және ақпараттандыру саласындағы инвестициялық жобаларды іске асыру үшін ынталандыру тетіктерін әзірлеуге қатысу. Тиімді технологиялық шешімдерді табу үшін АТ қауымдастығымен және инновациялық кластерлермен өзара әрекеттесу. Ақпараттық-түсіндіру және таныстыру материалдарын дайындауды қоса алғанда, ақпараттық жүйелер мен цифрлық платформаларды әзірлеу және енгізу бойынша жобаларды іске асыруға ақпараттық қолдауды қамтамасыз ету. Ақпараттық жүйелер мен цифрлық платформаларды әзірлеу және енгізу бойынша жобаларды сүйемелдеу. Облыстың қалалары мен аудандарында «Smart City» технологияларын енгізу бойынша жұмыстарды тікелей үйлестіру. Деректерді жинау және ұлттық жобалар мен мемлекеттік бағдарламаларда көзделген цифрландыру жобаларының орындалуын бақылау. «Ақылды аймақ» тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде сервистік компаниялармен және жеткізушілермен өзара ісқимылды қамтамасыз ету. Қолданыстағы ақпараттық жүйелерді жаңғырту бойынша ұсыныстар дайындау. Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы бірыңғай талаптардың, сондай-ақ ақпараттандырудың сервистік моделін енгізу ережелерінің сақталуын қамтамасыз ету. Мемлекеттік органның бірыңғай архитектурасын жобалауды, келісуді және бақылау сүйемелдеуін, сондай-ақ «электрондық әкімдіктің» және «электрондық үкіметтің» үлгілік архитектурасы талаптарының сақталуын қамтамасыз ету. Бөлім құзыретіне кіретін мәселелер бойынша заңды және жеке тұлғалардың өтініштерін, ұсыныстары мен арыздарын қарау, қорытындылар мен жауаптар дайындау. Жасанды интеллект және цифрлық технологиялар мәселелері бойынша ақпараттық-таныстыру іс-шараларын (форумдар, семинарлар, кездесулер) ұйымдастыру және өткізу. Өңір экономикасының салаларында (агроөнеркәсіптік кешен, экология, жер қойнауын пайдалану, ТЖ, РҒИС) космикалық мониторинг пен Жерді қашықтықтан зондтау деректерін тиімді қолдануды қамтамасыз ету, «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ-мен кәсіби өзара іс-қимыл жасау, ғарыштық мониторинг бойынша техникалық тапсырмаларды қалыптастыру. Тиімді басқарушылық шешімдерді қабылдауды ақпараттық қамтамасыз ету мақсатында қалдықтар полигондарындағы, өрт қаупі бар және су тасқыны қаупі бар учаскелердегі жағдайларды бақылау үшін ғарыштық мониторинг деректерін және спутниктік түсірілімдерді талдамалық өңдеуді жүзеге асыру. Картографиялық жұмыстарды орындау, сондай-ақ кеңістіктік деректердің векторлық қабаттарын тексеруді, верификациялауды және түзетуді жүзеге асыру. Ғарыштық түсірілім материалдарын пайдалана отырып, жергілікті жердің және рельефтің сандық модельдерін құру әрі өзектендіру. Бөлім құзыретіне кіретін мәселелер бойынша заңды және жеке тұлғалардың өтініштерін, ұсыныстары мен арыздарын қарау, қорытындылар мен жауаптар дайындау. Бөлімнің құзыреті шегінде мемлекеттік органдардың сұраныстарына есептер мен жауаптар дайындау. Бөлім құзыреті шеңберінде басқарма басшылығының өзге де тапсырмаларын орындау.
Білімі бойынша талап:
Жоғары білім, жоғары оқу орнынан кейінгі білім: информатика, ғарыш техникасы мен технологиялары, стандарттау, сертификаттау және метрология (салалар бойынша), математика и статистика, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, телекоммуникациялар, ақпараттық қауіпсіздік, электротехника және автоматтандыру, smart City – технологиялар
Жұмыс тәжірибесі бойынша талаптар:
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім; жұмыс өтілі талап етілмейді.
Шағым жасау тәртiбi
Үміткерлер уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не сот тәртiбiнде конкурс қорытындыларына және/немесе кадр қызметінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдана алады.
1