Ақмола облысы ветеринария басқармасының аудандарының аумағында өкілідерінің бас маман – Ақмола облысы ветеринария басқармасының Қорғалжын ауданының аумағындағы өкілі
«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру
Ақмола облысы әкімі аппараты
Конкурс туралы ақпарат
Құжаттарды қабылдау мерзімі: 21.10.2026 - 22.10.2026
Қабылдау 1 этап: 21.10.2026- 22.10.2026
Қабылдау 2 этап: 23.10.2026
Практикалық бағалау: 24.10.2026
Анықтама телефоны: 87162297231
D-O-4 санат үшін орташа лауазымдық жалақы : 327923
(Лауазымдық жалақы нақты қызметкердің жұмыс өтіліне
байланысты хабарландыруда көрсетілгеннен өзгеше болуы мүмкін)
Лауазым атауы:
Ақмола облысы ветеринария басқармасының аудандарының аумағында өкілідерінің бас маман – Ақмола облысы ветеринария басқармасының Қорғалжын ауданының аумағындағы өкілі, D-O-4
Функционалдық міндеттері:
Тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында ветеринариялықсанитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша ветеринариялық ісшараларды ұйымдастыруды және жүргізуді үйлестіру. Ветеринария саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру. Ветеринариялық препараттардың республикалық қорын қоспағанда, жануарлардың аса қауіпті ауруларының және жануарлардың энзоотиялық ауруларының профилактикасына арналған ветеринариялық препараттарды сақтау, тасымалдау (жеткізу) жағдайларын сақтауға бақылауды қамтамсыз ету.
Уәкілетті орган бекіткен тізбеге сәйкес жануарлардың аса қауіпті ауруларының және жануарлардың энзоотиялық ауруларының профилактикасы, биологиялық материал сынамаларын алу және оларды диагностика үшін зертханаларға жеткізу және ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру бойынша ветеринариялық іс-шаралардың орындалуын ұйымдастыру.
Ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, жануарлар ауруларының пайда болуы мен таралуы және жануарлардың азықтан улануы себептері мен жағдайларын ашып, анықтау.
Өкілеттік шегінде келесі бюджеттік бағдарламалардың: «Эпизоотияға қарсы іс-шараларды жүргізу», «Жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауіп төндіретін, алып қоймай залалсыздандырылған (зарарсыздандырылған) және қайта өңделген жануарлардың, жануарлардан алынатын өнім мен шикізаттың құнын иелеріне өтеу», «Ауру жануарларды санитариялық союды ұйымдастыру», «Қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулауды және жоюды ұйымдастыру», «Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі іс-шараларды өткізу», «Мал қорымдарын (биотермиялық шұңқырларды) салуды, реконструкциялауды ұйымдастыру және оларды күтіп-ұстауды қамтамасыз ету», «Жануарлардың энзоотиялық ауруларының профилактикасы мен диагностикасы бойынша ветеринариялық іс-шаралар жүргізу» сапалы орындалуына бақылауды қамтамасыз ету.
«Ветеринариялық анықтама беру», «Ветеринариялық паспорт беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге мониторингті жүзеге асыру.
Аумақтар бөлінісінде ауыл шаруашылығы жануарларының вакцинациясы және диагностикасы бойынша ветеринариялық іс-шараларды жинақтау. Эпизоотиялық ошақтарды олар пайда болған жағдайда зерттеп-қарауды өткізу. Эпизоотиялық зерттеп-қарау актісін беру. Ветеринариялық есеп пен есептілікті жинақтау, талдау және оларды уәкілетті органға және Басқармаға табыс ету.
Басқарма басшылығымен анықталатын өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.
Жеке талаптар:
Ветеринария саласында
Білімі бойынша талап:
Жоғары білім, жоғары оқу орнынан кейінгі білім: мал дәрігерлік медицина, мал дәрігерлік тазалық сақтау
Жұмыс тәжірибесі бойынша талаптар:
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім; жұмыс өтілі талап етілмейді.
Шағым жасау тәртiбi
Үміткерлер уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не сот тәртiбiнде конкурс қорытындыларына және/немесе кадр қызметінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдана алады.
1