Меню

Страницы

Статья

Қазақстанда 14 мыңнан астам медицина қызметкері егілді

1-11 ақпан аралығында Қазақстанда коронавирустық инфекциясына қарсы ресейлік «Спутник V» вакцинасын 14 мыңнан астам медицина қызметкері алды. Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Денсаулық сақтау министрлігі ҚДСҰО санитарлық-эпидемиологиялық сараптама және мониторинг ғылыми-практикалық орталығының сарапшысы Лена Қасабекова осындай мәліметтерді жария етті.

«2021 жылғы 1-11 ақпан аралығында республика бойынша коронавирустық инфекцияға қарсы 14 мыңға жуық адам егілді. КВИ-ға қарсы егілгендер арасында иммундаудан кейін қолайсыз көріністер тіркелген жоқ. Бірақ, күтілетін реакциялар пайда болуы мүмкін – қызару, инъекция орнындағы ауырсыну, температураның жоғарылауы, қан қысымының қысқа мерзімді жоғарылауы және т.б., олар бірнеше сағаттан бірнеше күнге дейін созылады», - деді Л. Қасабекова.

Спикердің атап өтуінше, әлем бойынша қазіргі кезде алты вакцина қолданылып жатыр. Қазақстан ТМД елдерінің арасында алғашқы мемлекеттердің бірі болып коронавирусқа қарсы екпе жасай бастады.

 

https://ortcom.kz/kk/novosti/qazaqstanda-14-mynnan-astam-medicina-qyzmetkeri-egildi

Дата публикации
16 февраля 2021
Дата обновления
16 февраля 2021
Тип

Сейчас читают

Статьи
22 сентября 2026
Порядок действий граждан при объявлении мобилизации
28 августа 2026
В Казахстане начинается масштабная инвентаризация жилищного фонда.
10 августа 2026
Как проверить себя в списках избирателей

Социальные медиа

Instagram
Facebook

Меню подвал

Послания Президента РК
Сайт Президента РК
Сайт Премьер-Министра РК
Концепция цифровой трансформации
Жизненные ситуации
Государственные символы РК
Термины и обозначения
Служба центральных коммуникаций при Президенте РК
Экранный диктор
Концепция развития искусственного интеллекта на 2024 – 2029 годы