Меню

Страницы

Статья

Ақмола облысында коронавирусқа қарсы вакцинаны бірінші кезекте кімдер алады

ҚазАқпарат – Биылғы жылдың 1 ақпанынан бастап елімізде халықтың белгілі бір топтарына коронавирус инфекциясына қарсы вакцина салу жоспарлануда.

Осы ретте, Ақмола облысында 2021 жылдың соңына дейін кезең-кезеңмен барлығы 92 840 адамға вакцина салынбақшы, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Ақмола облысының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Айнагүл Мусинаның айтуынша, бірінші кезеңде вакцина жұқпалы аурулар ауруханаларының, жедел медициналық жәрдемнің, жансақтау, бастапқы медициналық санитарлық көмек бөлімшелерінің, аурухананың қабылдау бөлмелерінің, санитарлық - эпидемиологиялық қызметтің медицина қызметкерлерінен құралған 6 916 адамға салынатын болады. Наурыздан бастап екінші кезең басталады. Бұдан соң жалпы білім беретін мектептер мен университеттердің мұғалімдері мен оқытушыларына, ведомстволық медицина қызметтердің қызметкерлеріне (барлығы 62 611 адам) вакцина салынады. Сәуір айынан бастап вакцинаны мектеп-интернаттардың, мектепке дейінгі мекемелердің педагогтары, студенттер, созылмалы аурулары бар адамдар – барлығы 10 368 адам ала бастайды. «2021 жылдың соңына дейін кезең-кезеңмен Ақмола облысының 92 840 тұрғынына салынады. Осы ретте, ресейлік «Спутник V» вакцинасы қолданылады», – деді Айнагүл Мусина. Өңірдің бас мемлекеттік санитарлық дәрігері атап өткендей, ақылы вакцина салу бойынша мәселе әлі шешілуде, әзірге вакцинаны ақылы түрде сатып алу мүмкін емес. Өйткені, бүгінгі таңда Қазақстанға тәуекел тобындағыларға тегін вакцина салу үшін бір реттік әкелуге рұқсат етілген.


Барлық құқықтар қорғалған. inform.kz белсенді сілтемені пайдаланыңыз https://www.inform.kz/kz/akmola-oblysynda-koronaviruska-karsy-vakcinany-birinshi-kezekte-kimder-alady_a3744457

 

Дата публикации
08 февраля 2021
Дата обновления
08 февраля 2021
Тип

Сейчас читают

Статьи
22 сентября 2026
Порядок действий граждан при объявлении мобилизации
28 августа 2026
В Казахстане начинается масштабная инвентаризация жилищного фонда.
10 августа 2026
Как проверить себя в списках избирателей

Социальные медиа

Instagram
Facebook

Меню подвал

Послания Президента РК
Сайт Президента РК
Сайт Премьер-Министра РК
Концепция цифровой трансформации
Жизненные ситуации
Государственные символы РК
Термины и обозначения
Служба центральных коммуникаций при Президенте РК
Экранный диктор
Концепция развития искусственного интеллекта на 2024 – 2029 годы