ХАБАРЛАНДЫРУ
Көру саны:17
«Нұрлы жол» инфрақұрылымды дамытудың мемлекеттік бағдарламасының аясында «QazAvtoJol» ҰК» АҚ республикалық маңызы бар автомобиль жолының учаскелерінде зияткерлік көліктік жүйе элементтері бар төлем қабылдау жүйесін енгізу туралы қоғамдық тыңдаулар өткізеді:
- М-32 «РФ шекарасы (Екатеринбургке) – Алматы, Нұр - сұлтан арқылы» 853 – 1247 км;
- Р-36 «Қостанай-Әулиекөл-Сұрған» 232 – 260 км;
- Р-13 «Жақсы – Есіл - Бұзылық» 0-82 км;
- А-16 «Жезқазған - Петропавл» 536-550 км;
- Р-4 «Нұр-Сұлтан – Ерейментау - Шідерті» 16 - 205 км.
Ағымдағы жылы, автокөліктер үшін төлем қабылдау жүйесін тестілік тәртіпте енгізу жоспарланған. Аталған учаскелерде көлік құралдары үшін төлем қабылдаудың «ашық жүйесі» енгізіледі.
Қоғамдық тыңдаулар барысында ақылы жүйені енгізудің мақсаты мен артықшылықтары, төлем қабылдау жүйесінің жұмысы және төлем жасаудың түрлері, төлем мөлшерлемелері, төленетін сома мөлшерін есептеу және ақылы автомобиль жолдары туралы Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнама нормалары талқыланады.
Қоғамдық тыңдаудың өтетін күні, уақыты, орны:
|
Жақсы ауданы |
2021 жылғы 05 наурыз, сағат 15: 00 (жерг. уақыт), Жақсы ауданы, Жақсы ауылы, Аудандық мәдениет үйінің ғимараты, Дружба көшесі 14 А. |
Ескертулер мен ұсыныстарды қабылдау үшін электрондық мекен-жайы:
|
«ҚазАвтоЖол»ҰК» АҚ «Ақылы жолдар дирекциясы» филиалы |
|
|
Инвестор: «Computer Vision Technologies» ЖШС |
Жобалық құжаттама орналасқан интернет-ресурстың мекен-жайы:
|
«ҚазАвтоЖол»ҰК» АҚ «Ақылы жолдар дирекциясы» филиалы |
QAJ.kz |
Жоба материалдарымен қағаз түрінде танысуға болатын мекен-жай:
Көкшетау қаласы, Уәлиханов көшесі, 193, "ҚазАвтоЖол "ҰК" АҚ Ақмола ОФ.
Тапсырыс берушінің аты-жөні және байланыс деректері:
«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ «Ақылы автомобиль жолдары дирекциясы» филиалы,
Нұр-Сұлтан қаласы, Д.Қунаев көшесі, 10 үй «Эмеральд-Тауэр», 32 қабат. Тел. 8 717 2 64 87 87.
Интернет-ресурстың мекен-жайы немесе ескертулер мен ұсыныстар қабылданатын электрондық пошта: dpad@qaj.kz, akmola.info@qaj.kz.
Құжаттама жасаушының аты-жөні және байланыс деректері:
Дизайнер: ЖШС «НИ и ПК Каздоринновация» директоры Асматуллаев Р.Б.
Әзірлеуші: Филатов Д.
Инвестор: «Computer Vision Technologies» ЖШС Басқарма төрағасы З.А.Майтеков
Тыңдауға жергілікті атқарушы органдардың, бизнес қауымдастықтардың, бұқаралық ақпарат құралдарының, аудан орталықтарының, тұрғындардың және барлық мүдделі адамдардың өкілдері шақырылады.