Меню

Страницы

Статья

Қазақстанда биыл 6 миллион адамға коронавирусқа қарсы вакцина салу көзделген

ҚазАқпарат – Қазақстанда биыл 6 миллион адамға коронавирусқа қарсы вакцина салу көзделген. Бұл туралы Үкімет отырысында Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жыл соңына дейін 6 миллионға жуық қазақстандық азаматқа вакцина салу көзделген. Вакциналардың сапасын қамтамасыз ету үшін өндірушіден медицина ұйымдарына дейін арнайы стандарт жауапкершілік жүктелетін азаматтарды белгілейді», - деді деді Алексей Цой Үкімет отырысында. Вакцинаны жеткізу легі 4 кезеңнен тұрады. • Бірінші кезең - өндірушіден бірыңғай дистрибьютордың қоймасына дейін жеткізу; • Екінші кезең – бірыңғай дистрибьютордың қоймасынан Денсаулық сақтау басқармаларының дәріханалық қоймасына дейін жеткізу; • Үшінші кезең - денсаулық сақтау басқармаларының дәріханалық қоймасынан аудандар мен қалалардың медицина ұйымдарына дейін жеткізу; • Төртінші кезең – медицина ұйымдарында осы вакциналарды сақтау. Айта кетейік, бұған дейін министр вакцина 1 ақпаннан бастап егілетінін және ең алдымен кімдерге салынатынын айтқан болатын.


Барлық құқықтар қорғалған. inform.kz белсенді сілтемені пайдаланыңыз https://www.inform.kz/kz/kazakstanda-biyl-6-million-adamga-koronaviruska-karsy-vakcina-salu-kozdelgen_a3742629

 

Дата публикации
20 января 2021
Дата обновления
20 января 2021
Тип

Сейчас читают

Статьи
22 сентября 2026
Порядок действий граждан при объявлении мобилизации
28 августа 2026
В Казахстане начинается масштабная инвентаризация жилищного фонда.
10 августа 2026
Как проверить себя в списках избирателей

Социальные медиа

Instagram
Facebook

Меню подвал

Послания Президента РК
Сайт Президента РК
Сайт Премьер-Министра РК
Концепция цифровой трансформации
Жизненные ситуации
Государственные символы РК
Термины и обозначения
Служба центральных коммуникаций при Президенте РК
Экранный диктор
Концепция развития искусственного интеллекта на 2024 – 2029 годы