Меню

Страницы

Статья

Қазақстанда коронавирусқа қарсы вакцина ең алдымен кімдерге егіледі

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Қазақстанда коронавирусқа қарсы вакцина ең алдымен кімдерге егілетінін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Министрдің айтуынша халыққа екпе жұмыстары вакцинаның жеткізілу мөлшеріне қарай салынады. «Контингент келесі тәртіпте белгіленген: бірінші кезеңде инфекциялық ауруханалардың медицина қызметкерлеріне, жедел жәрдем қызметінің мамандарына, жан сақтау бөлімінің, алғашқы медициналық-санитарлық көмек қызметінің, ауруханалардың қабылдау бөлімінің, санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің мамандарына, нақтырақ айтқанда 100 мыңға тарта азаматқа вакцина салынады», - деді Алексей Цой Үкімет отырысында. Оның айтуынша, екінші кезеңде жалпы білім беретін мектептердің мұғалімдеріне, ЖОО оқытушыларына, ведомстволық медицина қызметінің мамандарына, нақтырақ айтқанда наурыз айынан бастап шамамен 150 мың адамға екпе егіледі. Үшінші кезеңде мектеп-интернаттарының педагогтеріне, балалар мен мектепке дейінгі мекемелердің қызметкерлеріне, студенттерге, созылмалы аурулары бар азаматтарға (сәуірден бастап шамамен 600 мың адам) вакцинациялау жүргізіледі.


Барлық құқықтар қорғалған. inform.kz белсенді сілтемені пайдаланыңыз https://www.inform.kz/kz/kazakstanda-koronaviruska-karsy-vakcina-en-aldymen-kimderge-egiledi_a3742625

 

Дата публикации
20 января 2021
Дата обновления
20 января 2021
Тип

Сейчас читают

Статьи
22 сентября 2026
Порядок действий граждан при объявлении мобилизации
28 августа 2026
В Казахстане начинается масштабная инвентаризация жилищного фонда.
10 августа 2026
Как проверить себя в списках избирателей

Социальные медиа

Instagram
Facebook

Меню подвал

Послания Президента РК
Сайт Президента РК
Сайт Премьер-Министра РК
Концепция цифровой трансформации
Жизненные ситуации
Государственные символы РК
Термины и обозначения
Служба центральных коммуникаций при Президенте РК
Экранный диктор
Концепция развития искусственного интеллекта на 2024 – 2029 годы