Меню

Страницы

Статья

Вакцинация індетке қарсы күресте қалай көмектеседі

ҚазАқпарат- Санжар Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті жұқпалы және тропикалық аурулар кафедрасының ассистенті Ләззат Өмешова коронавирусқа қарсы вакцинацияның маңызы туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оның айтуыша, COVID-19 - вирустық инфекция. Сондықтан вакцина коронавирус инфекциясына қарсы күресте жағдайды жақсартуға көмектеседі. Сонымен қатар, Ләззат Өмешова әлемдегі эпидемиялық жағдайдың нашарлауы мен коронавирус инфекциясының жаңа штаммының таралуы аясында халықты КВИ-ге қарсы вакциналаудың маңызын атап өтті. «Ұлыбританияда коронавирустың жаңа штаммы бар, ол агрессивті түрде өтуде. Біздің елдегі вирус осы деңгейге дейін мутацияға ұшырай ма, жоқ па деген сұраққа жауап беруге қиналамын, бірақ біздің республикамызға бұл штаммды Еуропадан өз азаматтарымыз әкелуі мүмкін, өйткені қазіргі коронавируспен де басында осындай жағдай болған», - деді ол. Сонымен қатар, ол алдын алудың негізгі ережелерін сақтауды жалғастыру маңызды екенін тілге тиек етті. Қазіргі уақытта негізгі алдын алу шаралары мынандай: - маска режимі (дұрыс кию және ауыстыру режимін сақтау); - қолды жиі жуу және дезинфекциялау арқылы жеке гигиенаны сақтау; - 1,5 метрден кем емес қашықтықты сақтау; - адам көп жиналатын жерлерден аулақ болу; - COVID-19 расталған адамдарды оқшаулау. Сарапшының сөзіне сенсек, халықты тұмауға қарсы вакцинациялау шешімі айтарлықтай нәтиже берді. «Тұмау - ауыр респираторлық вирустық инфекция, ол интоксикацияның айқын белгілерімен жүреді, ал соңғы жылдары пандемиялық тұмау жағдайлары тіркелді. Бұл да ауыр вирустық пневмонияны туғызады. Менің ойымша, мемлекеттің тұмауға қарсы вакцинацияға көп қаражат бөлгені дұрыс болды. Егер адамдар тұмаумен қоса коронавируспен де ауырса, не болар еді?! Елестетіп көріңізші», - деді Ләззат Өмешова. Еске салайық, Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаевтың тапсырмасы бойынша тұмау вирусы таралуының алдын алу үшін жергілікті бюджеттен тәуекел тобындағы адамдарды тегін вакциналау үшін «Гриппол Плюс» вакцинасының 430 000 дозасы сатып алынған болатын.


Барлық құқықтар қорғалған. inform.kz белсенді сілтемені пайдаланыңыз https://www.inform.kz/kz/vakcinaciya-indetke-karsy-kureste-kalay-komektesedi_a3742902

 

Дата публикации
20 января 2021
Дата обновления
20 января 2021
Тип

Сейчас читают

Статьи
22 сентября 2026
Порядок действий граждан при объявлении мобилизации
28 августа 2026
В Казахстане начинается масштабная инвентаризация жилищного фонда.
10 августа 2026
Как проверить себя в списках избирателей

Социальные медиа

Instagram
Facebook

Меню подвал

Послания Президента РК
Сайт Президента РК
Сайт Премьер-Министра РК
Концепция цифровой трансформации
Жизненные ситуации
Государственные символы РК
Термины и обозначения
Служба центральных коммуникаций при Президенте РК
Экранный диктор
Концепция развития искусственного интеллекта на 2024 – 2029 годы