2023 жылғы 19 наурызға тағайындалған, Жақсы аудандық мәслихаты депутаттарының кезектен тыс сайлауын дайындау мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспарын бекіту туралы

2023 жылғы 20 қаңтардағы № 35/74

ҚАУЛЫСЫ

 

2023 жылғы 19 наурызға тағайындалған, Жақсы аудандық мәслихаты депутаттарының кезектен тыс сайлауын дайындау мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспарын бекіту туралы

 

 

       «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының               14 бабы 2), 8) тармақшаларыны, Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2023 жылғы 20 қаңтардағы № 18/671 «2023 жылғы 19 наурызға тағайындалған, Қазақстан Республикасы мәслихаттары депутаттарының кезектен тыс сайлауын дайындау мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың үлгі күнтізбелік жоспарын бекіту туралы» қаулысына сәйкес, Жақсы аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. 2023 жылғы 19 наурызға тағайындалған Жақсы аудандық мәслихаты депутаттарының кезектен тыс сайлауын дайындау және өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспары бекітілсін
  2. Осы қаулы сайлауды қамтамасыз ету және өткізу үшін округтік және учаскелік сайлау комиссияларына жіберілсін.
  3. Осы қаулы Жақсы аумақтық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында жариялансын.

 

 

 

Жақсы  аудандық сайлау

комиссиясының төрайымы                                                                Р.Тлепова

 

 

Жақсы аудандық

сайлау комиссиясының

хатшысы                                                                                   М.Төлеубай

 

 

Жарияланған күні

21 қаңтар 2023

Жаңарту күні

21 қаңтар 2023