Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) мен «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ бірлесіп, Халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сұраныс деңгейіне талдау жүргізді. Талдау нәтижесінде өзіне-өзі қызмет көрсету секторы арқылы көрсетілетін 15 неғұрлым сұранысқа ие мемлекеттік қызмет анықталды. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының барлық өңірлерінде халық арасында сауалнама жүргізілді, онда азаматтарды тиісті анықтамаларды алу үшін қандай ұйымдар жолдайтыны және олар бұл мәліметтерді қандай мақсатта сұрататыны нақтыланды.
Сауалнама нәтижелері бойынша азаматтардың шамамен 80%-ы түрлі ұйымдар тарапынан, негізінен жұмысқа орналасу мақсатында келесі анықтамаларды алу үшін жолданатыны анықталды:
Қазіргі уақытта eGov электрондық үкімет порталында үшінші тұлғалар туралы мәліметтерді алу сервисі жұмыс істейді, ол пайдаланушыларға халыққа қызмет көрсету орталықтарына (ХҚКО) жеке бармай-ақ қажетті ақпаратты сұратуға мүмкіндік береді.
Осыған байланысты, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік басқаруды, экономиканы және өмір сүру салаларын жасанды интеллект технологияларын енгізу арқылы цифрландыру жөніндегі тапсырмасын орындау мақсатында, қоса беріліп отырған кестеде көрсетілген ұйымдармен eGov порталы арқылы қажетті мәліметтерді ХҚКО-ға жүгінбей-ақ алуға болатыны жөнінде ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу қажет.