Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне(әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне(әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
Мемлекеттікқызметтеркөрсетумәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және(немесе)оныңлауазымдыадамдарыныңшешімдеріне,әрекеттеріне(әрекетсіздігіне) шағымдану үшіншағымосыҚағидаларға4-қосымшаның7-тармағындакөрсетілгенмекенжай бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшылығыныңатына беріледі.
Шағым жазбаша нысанда пошта арқылы, портал арқылы не жұмыс күндері көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы қолма-қол беріледі.
Шағымда:
1) жеке тұлғаның-оның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) пошталық мекенжайы, байланыс телефоны көрсетіледі;
2) заңды тұлғаның-оның атауы, пошталық мекенжайы, шығыс нөмірі және күні. Өтінішке көрсетілетін қызметті алушы қол қояды.
Шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні, берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орны көрсетілген көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде оның тіркелуі (мөртабан, кіріс нөмірі мен күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады.
Портал арқылы жүгінген кезде шағымдану тәртібі туралы ақпаратты Бірыңғай байланыс орталығының 1414, 8 800 080 7777 телефоны арқылы алуға болады.
Шағымды портал арқылы жіберген кезде көрсетілетін қызметті алушы "Жеке кабинеттен" өтініш туралы ақпаратқа қол жеткізе алады, ол көрсетілетін қызметті берушінің өтінішті өңдеу барысында жаңартылады (жеткізу, тіркеу, орындау туралы белгілер, қарау туралы жауап немесе қараудан бас тарту).
Көрсетілетін қызметті алушының шағымы Заңның 25 бабының 2 тармағына сәйкес қаралуға тиіс:
мемлекеттік қызметті тікелей көрсететін көрсетілетін қызметті беруші оны тіркеген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде;
мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган оны тіркеген күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде.
Көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның шағымды қарау мерзімі Заңның 25-бабының 4-тармағына сәйкес қажет болған жағдайларда 10 (он) жұмыс күнінен аспайтын мерзімге ұзартылады:
1) шағым бойынша қосымша зерделеу немесе тексеру не жергілікті жерге барып тексеру жүргізу;
2) қосымша ақпарат алу.
Шағымды қарау мерзімі ұзартылған жағдайда шағымды қарау мерзімі ұзартылған сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағымды қарау өкілеттігі берілген лауазымды адам шағымды берген өтініш берушіге шағымды қарау мерзімі ұзартылғаны туралы жазбаша нысанда (шағымды қағаз жеткізгіште берген кезде) немесе электрондық нысанда (шағымды электрондық түрде берген кезде) хабарлайды ұзарту себептерін көрсете отырып, шағымды қарау.
- Көрсетілетін қызметті беруші шешімінің нәтижелерімен келіспеген жағдайларда көрсетілетін қызметті алушы Заңның 4-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына сәйкес сотқа жүгінеді.
2
7
30 желтоқсан 2024 15:41
30 желтоқсан 2024