Аудандық мәдениет үйінде "Отбасылық құндылықтар - оқушы жетістігінің кепілі, отбасы және отбасылық тәрбиенің, құқық бұзушылықтың алдын алу негізі" тақырыбымен аудандық ата-аналар форумы өтті. Аталған шараға Зеренді ауданының әкімі Әсен Жақсылықов, аудандық бөлімдер мен қызметтердің басшылары, құқық қорғау органдарының, қоғамдық бірлестіктердің өкілдері, директорлар мен мұғалімдер, аудан мектептерінің ата-аналар комитеттерінің төрағалары, арнайы шақырылған қонақтар қатысты.