№ 8 бір мандатты сайлау округі бойынша Зеренді аудандық мәслихатының депутаттығына кандидатты тіркелгені туралы хабарлама
Көру саны:12
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 104-бабына сәйкес және мәслихат депутаттығына кандидаттың Қазақстан Республикасының Конституциясымен және «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңымен қойылатын сәйкестігін белгілеу негізінде келіп түскен құжаттарды қарап, Зеренды аудандық маслихатқа депутаттарды сайлау жөніндегі № 8 округтік сайлау комиссиясы шешті:
Зеренді аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат болып № 8 бір мандатты сайлау округі бойынша,1989 жылы туған, Викторовка ауылында тұратын, Викторовка ауылының ауылдық клубының меңгерушісі Жанна Ринатқызы Дүйсенова тіркелсін.
Зеренды аудандық мәслихатының депутаттарын сайлау жөніндегі № 8 округтік сайлау комиссиясы
2023 жылғы 8 ақпан