
«Гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күн белсенді іс-қимыл» акциясы жыл сайын 25 қараша мен 10 желтоқсан аралығында өткізіледі және әйелдер мен қыздарға қатысты зорлық-зомбылық мәселесіне қоғам назарын аударуға бағытталған.
Акцияның мақсаты – зорлық-зомбылықтың барлық түріне нөлдік төзімділік қалыптастыру, халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру және жәбірленушілерге көрсетілетін көмек туралы ақпарат беру.
Кампания мемлекеттік органдардың, құқық қорғау құрылымдарының, үкіметтік емес ұйымдар мен азаматтық қоғамның бірлескен іс-қимылын көздейді.