



«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында ағаш отырғызу жұмыстары жүргізілді. Округіміздің экологиялық жағдайын жақсарту және көгалдандыру бастамасы аясында ағаш отырғызу акциясы өткізілді.
Ағаш отырғызу акциясына «Грибнов орман шаруашылығы» РМКК және "Викторовка ауылдық округі әкімінің аппараты"ММ қатысты. Акция барысында 10 түп қарағай көшеті отырғызылды.
Ағаш отырғызу — бұл аймақтың экологиялық қауіпсіздігін нығайтудағы маңызды қадам. Ол ауа сапасын жақсартуға және қолайлы өмір сүру жағдайларын жасауға ықпал етеді.
Іс-шараға қатысушылардың барлығына алғысымызды білдіреміз және болашақта округті көгалдандыру жұмыстарын жалғастыруды жоспарлап отырмыз.
Келесі көгалдандыру акцияларына қатысуға барлық ниет білдірушілерді шақырамыз!