

«Викторовка» ӨКК тарапынан "Богенбай би" мешітке демеушілік көмек көрсетуі
Рухани және қоғамдық маңызы бар нысандарды қолдауға бағытталған әлеуметтік жобаны іске асыру аясында «Викторовка» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі Викторовка ауылының"Богенбай би" мешітіне демеушілік көмек көрсетті.
Игі бастама аясында жаңа пластик терезелер сыйға тартылып, орнатылды. Бұл мешіт жамағаты үшін қолайлы жағдай жасап, ғимараттың сақталуына оң әсерін тигізеді.
Викторовка ауылдық округінің әкімідігі «Викторовка» ӨКК басшылығына ауыл қоғамының өміріне белсенді қатысқаны және әлеуметтік инфрақұрылымды дамытуға қосқан үлесі үшін алғысын білдіреді.