GOV.KZ – Мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасы

Меню
Страницы
Құжаттар
Баспасөз орталығы
Басқарма туралы
Қызметі
Байланыс ақпараты
Онлайн қабылдау
Все материалы
22 мая 2025
Президенттік жастар кадр резерві
23 октября 2024
STOP-алаяқ

Қаланың әрбір тұрғынына алаяқтар қолданатын барлық әдістер мен тәсілдер туралы ескерту

31 августа 2023
Ақмола облысының Үшқарасу ауылында екі апталық карантин жарияланады

2023 жылғы 28 тамызда Ақмола облысы бойынша СЭС  департаментінен Жарқайың ауданында ЖШС жұмыскерлерінде «сібір жарасы» ауруына күдіктену оқиғалары тіркелгені туралы хабаралндыру келіп түсті. 

Директордың айтуынша, ЖШС-ға тиесілі 32 бас ірі қара өлген. Қырылған мал жойылды. Комиссиямен ет тәркіленді.

Есіл аудандық ауруханасының жұқпалы аурулар бөліміне 12 адам жатқызылды. Сондай-ақ, байланыста болған 22 адам анықталды, олар Жарқайың орталық аудандық ауруханасының медицина қызметкерлерінің бақылауында. Клиникалық көрінісі бойынша «сібір жарасы» диагнозы қойылды. Науқастар клиникалық хаттамаға сәйкес ем алады, детоксикация терапиясы, антибиотикалық терапия жүргізілуде.

Санитариялық қызметпен эпидемияға қарсы іс-шаралар өткізілуде. Аудандық бас санитариялық дәрігерінің Қаулысына сәйкес байланыста болған адамдарға медициналық бақылау белгіленді.

Барлық тексерілген орталықта қорытынды дезинфекция жүргізілді.

Оқиға орнында СЭС, денсаулық сақтау, ветеринариялық бақылау комитетінің аумақтық инспекциясы және ветеринарлық басқарма қызметкерлерінен құралған жұмыс тобы жұмыс істеуде.

Ертең Үшқарасу ауылының аумағында карантин жарияланады. Жұқтыру ошағын жою жұмыстары жүргізілуде.

Үшқарасу ауылындағы аудандық ішкі істер бөлімінде ауыл шаруашылығы өнімдерін экспорттауды шектеу туралы жазбалар ілінді. Ауылға кіре берісте (шыға берісте) полиция жасақтары қойылып, кіретін-шығатын көліктер мен тұрғындар есепке алынуда.

 

Тұрғындар мен БАҚ өкілдерінен тексерілмеген деректерді жарияламауды сұраймыз.

Жағдай жауапты мемлекеттік органдардың бақылауында.

29 июня 2023
Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметші күні

Ақмола облысының Ветеринария басқармасында ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Ақмола облыстық аумақтық инспекциясының басшысы М.Абдрахмановтың қатысуымен аудандардың/қалалардың ветеринариялық станцияларының қызметкерлердің және Ақмола облысы ветеринария басқармасының аудардардың/қалалардың аумағындағы өкілдері арасында бірінші жартыжылдықтағы ветеринариялық іс-шаралар жоспарын орындау қорытындысы бойынша жиналыс өткізілді.

Мемлекеттік қызметшілері күніне орай мерекелеу аясында Ақмола облысы ветеринария басқармасының  басшысы Талгат Жүнісов ветеринария саласында қызметкерлеріне алғысын білдірді. Мемлекеттік қызметшілер алғыс хаттармен марапатталды.

Мемлекеттік қызметтер
26 июня 2023
Мемлекеттіқ қызмет көрсету сапасын бағалау бойынша онлайн сауалнама
ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаты
25 апреля 2023
ХАБАРЛАНДЫРУ Ақмола облысының ветеринария басқармасында cыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелерін талқылаудың басталуы туралы

Ақмола облысының ветеринария басқармасы 24.04-27.04.2023 ж. аралығында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау нәтижелерін талқылау басталғаны туралы хабарлайды.

 Жұмыс тобының құрамында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау нәтижелерін талқылауға барлық мүдделі тұлғалар қатыса алады.

Талдауға қатысу сұрақтары бойынша Ақмола облысы ветеринария басқармасының цифрландыру және құқықтық жұмыс бөлімінің бас маманы - Темірболатова Тойжан Төлегенқызына 2023 жылғы 27 сәуірге дейін келесі телефон нөмірлері бойынша хабарласуға болады: 722905, 722919 (қабылдау бөлмесі).

17 апреля 2023
Жеке тұлғалардың активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны (250.00-нысан) және жеке тұлғалардың кірістері мен мүлкі туралы декларацияны (270.00-нысан) тапсыру бойынша түсініктемелер.

Көкшетау қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының өндірістік емес төлемдерді әкімшілендіру бөлімінің бас маманы – Д.С.Қаирбекованың қатысуымен Ақмола облысы ветеринария басқармасының қызметкерлері арасында жеке тұлғалардың активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны (250.00 нысаны) және жеке тұлғалардың кірістері мен мүлкі туралы декларацияны (270.00 нысаны) тапсыру бойынша түсініктемелер жүргізілді.

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаты
17 апреля 2023
"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлықты қалыптастыру"тақырыбында түсіндіру жұмысы

Ақмола облысы ветеринария басқармасының цифрландыру және құқықтық жұмыс бөлімінің басшысы Т.К.Джуасовтың қатысуымен «Зеренді ауданының ветеринариялық станциясы» ШЖҚ КМК қызметкерлері арасында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлықты қалыптастыру» тақырыбында түсіндіру жұмыстарын жүргізілді.

11 апреля 2023
Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы
30 марта 2023
ХАБАРЛАНДЫРУ Ақмола облысының ветеринария басқармасы сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізеді

Ақмола облысының ветеринария басқармасы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» ҚР Заңына сәйкес сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтау және зерделеу мақсатында 2023 жылғы сәуір айында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізуді жоспарлап отыр.

Барлық мүдделі тұлғалар жұмыс тобының құрамында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдауға қатыса алады.

Талдауға қатысу сұрақтары бойынша Ақмола облысы ветеринария басқармасының цифрландыру және құқықтық жұмыс бөлімінің бас маманы - Темірболатова Тойжан Төлегенқызына 2023 жылғы 3 сәуірге дейін келесі телефон нөмірлері бойынша хабарласуға болады: 722905, 722919 (қабылдау бөлмесі).

 

Социальные сети
Instagram
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы