Меню

Страницы

Статья

Тапсырысты орналастыру туралы ақпараттық хабар

Ақмола облысының ішкі саясат басқармасы өңірлік деңгейде баспа БАҚ (газеттер, журналдар), теле-, радиоарналар, интернет-ресурстар арасында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты орналастыратынын хабарлайды.

Тапсырысқа қатысу үшін өтінімдері бар конверттер Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, Сәтпаев көшесі, 1 «б», 250-кабинет мекенжайы бойынша жіберіледі, «Ақмола облысының ішкі саясат басқармасы» ММ 2022 жылғы 11 мамыр сағат 18.00-ге дейін қабылдайды.

Тапсырысқа қатысуға өтінімдері бар конверттер 2022 жылғы 12 мамырда  сағат 10.00-де келесі мекенжай бойынша ашылады: Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, Сәтпаев көшесі, 1 «б», 1-қабат, мәжіліс залы,.

Үміткер құжаттар тізбесі бар өтінімді өңірлік деңгейдегі ұйымдастырушыға беттері нөмірленіп, тігілген түрде ұсынады және соңғы беті оның қолымен және мөрімен (ол болған кезде) куәландырылады, өтінімнің мазмұнын ашуға дейін қарауға мүмкіндік бермейтін мөрмен (ол болған кезде) бекемделеді, оның беткі жағында үміткердің толық атауы мен пошталық мекенжайы, ұйымдастырушының толық атауы мен пошталық мекенжайы, тапсырыстың атауы, сондай-ақ мынадай мазмұндағы мәтін көрсетілуге тиіс: «ТАПСЫРЫСҚА (тапсырыстың атауын көрсету) АРАСЫНДА (субъектінің атауын көрсету)» және (тапсырысқа қатысуға өтінімдерді ашу күні мен уақытын көрсете отырып) «КҮНГЕ ДЕЙІН АШЫЛМАСЫН».

Ақпараттық хабарламада көрсетілген қабылдау мерзімі өткеннен кейін жіберілген өтінімдер комиссияның қарауына қабылданбайды.

Қағидалардың 8 және 45-тармақтарына сәйкес конкурсқа қатысу үшін республикалық және өңірлік деңгейлерде мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты орналастыру Қағидаларының 2-қосымшасына сәйкес өтінім беру қажет. Өтінімге республикалық және өңірлік деңгейлерде мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты орналастыру Қағидаларына 3 және 5-қосымшаға сәйкес құжаттар тізбесі қоса беріледі.

https://adilet.zan.kz/rus/docs/V1700014886 мемлекеттік ақпараттық тапсырысты орналастыру ережелеріне сілтеме

Ақмола облысының 2022 жылға арналған мемлекеттік ақпараттық саясатының тақырыптық бағыттарының тізбесі (ішкі саясат басқармасы) (жүктеу)

Дата публикации
21 апреля 2022
Дата обновления
21 апреля 2022
Тип
Хабарлама

Сейчас читают

Ақпарат
09 октября 2026
Өңірлік тапсырысты орналастыру туралы ақпараттық хабар
Ақпарат
25 сентября 2026
Жастарға бос жұмыс орындар ұсынылып, тегін кеңес берілді
Ақпарат
21 сентября 2026
«Заң және тәртіп» қағидаты аясында студенттермен кездесу жалғасуда

Социальные медиа

Instagram
Facebook
Вконтакте

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы