Меню

Страницы

Статья

Тапсырысты орналастыру туралы ақпараттық хабарлама

Ақмола облысының ішкі саясат басқармасы өңірлік деңгейде баспа БАҚ (газеттер), телеарналар  және интернет-ресурстар арасында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты орналастыратынын хабарлайды.

Тапсырысқа қатысу үшін өтінімдері бар конверттер Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, Сәтпаев көшесі, 1 «б», 250-кабинет мекенжайы бойынша жіберіледі, «Ақмола облысының ішкі саясат басқармасы» ММ 2024 жылғы 29 қазан сағат 17.00-ге дейін қабылдайды.

Тапсырысқа қатысуға өтінімдері бар конверттер 2024 жылғы 30 қазан сағат 10.00-да келесі мекенжай бойынша ашылады: Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, Сәтпаев көшесі, 1 «б», 1-қабат, мәжіліс залы.

Үміткер құжаттар тізбесі бар өтінімді өңірлік деңгейдегі ұйымдастырушыға беттері нөмірленіп, тігілген түрде ұсынады және соңғы беті оның қолымен және мөрімен (ол болған кезде) куәландырылады, өтінімнің мазмұнын ашуға дейін қарауға мүмкіндік бермейтін мөрмен (ол болған кезде) бекемделеді, оның беткі жағында үміткердің толық атауы мен пошталық мекенжайы, ұйымдастырушының толық атауы мен пошталық мекенжайы, тапсырыстың атауы, сондай-ақ мынадай мазмұндағы мәтін көрсетілуге тиіс: «ТАПСЫРЫСҚА (тапсырыстың атауын көрсету) АРАСЫНДА (субъектінің атауын көрсету)» және (тапсырысқа қатысуға өтінімдерді ашу күні мен уақытын көрсете отырып) «КҮНГЕ ДЕЙІН АШЫЛМАСЫН».

Ақпараттық хабарламада көрсетілген қабылдау мерзімі өткеннен кейін жіберілген өтінімдер комиссияның қарауына қабылданбайды.

Қағидалардың 45-тармағына сәйкес конкурсқа қатысу үшін республикалық және өңірлік деңгейлерде мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты орналастыру Қағидаларының 2-қосымшасына сәйкес өтінім беру қажет. Өтінімге республикалық және өңірлік деңгейлерде мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты орналастыру Қағидаларына 5-қосымшаға сәйкес құжаттар тізбесі қоса беріледі.

https://adilet.zan.kz/rus/docs/V1700014886 мемлекеттік ақпараттық тапсырысты орналастыру ережелеріне сілтеме

Ақмола облысында 2024 жылға арналған мемлекеттік ақпараттық саясаттың тақырыптық бағыттарының тізбесі (Ішкі саясат басқармасы)

 

Дата публикации
14 октября 2024
Дата обновления
14 октября 2024
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
09 октября 2026
Өңірлік тапсырысты орналастыру туралы ақпараттық хабар
Ақпарат
25 сентября 2026
Жастарға бос жұмыс орындар ұсынылып, тегін кеңес берілді
Ақпарат
21 сентября 2026
«Заң және тәртіп» қағидаты аясында студенттермен кездесу жалғасуда

Социальные медиа

Instagram
Facebook
Вконтакте

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы