Меню

Страницы

Статья

2021 жылдың мемлекеттік қызмет көрсету мәселесі бойынша «Ақмола облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы» мемлекеттік мекемесі қызметінің есебі

2021 жылдың мемлекеттік қызмет көрсету мәселесі бойынша «Ақмола облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы» мемлекеттік мекемесі қызметінің есебі

 

 

  1. Жалпы ережелер

 

Көрсетілетін қызметті беруші туралы мәліметтер – «Ақмола облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Басқарма).

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат:

мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің саны – 3 мемлекеттік қызмет:

«Дін қызметі саласындағы ғибадат үйлерін (ғимараттарын) салу және олардың орналасатын жерін айқындау туралы шешім беру», «Үйлерді (ғимараттарды) ғибадат үйлері (ғимараттары) етіп қайта бейіндеу (функционалдық мақсатын өзгерту) туралы шешім беру», «Объектілерді кейіннен кәдеге жарату (құрылыстарды бұзу) жөніндегі жұмыстар кешенін жүргізуге шешім беру)»;

"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің саны" - 2;

тегін және (немесе) ақылы негізде көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің саны: 

3 мемлекеттік қызмет - тегін;

қағаз және (немесе) электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің саны:

2 мемлекеттік қызмет – қағаз немесе электронды түрде;

1 мемлекеттік қызмет – электрондық түрде (толық автоматтандырылған);

бекітілген мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарының саны:

мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттары «Діни қызмет саласында мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2020 жылғы 31 наурыздағы № 97 бұйрығымен, «Объектілерді кейіннен кәдеге жарату (ғимараттар мен құрылыстарды бұзу) жөніндегі жұмыстар кешенін жүргізуге шешім беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2021 жылғы 29 сәуірдегі №202 бұйрығымен бекітілген.

Барынша талап етілетін мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат.

2021 жылы көрсетілген қызмет саны: дін қызметі саласындағы ғибадат үйлерін (ғимараттарын) салу және олардың орналасатын жерін айқындау туралы шешім беру- 9, үйлерді (ғимараттарды) ғибадат үйлері (ғимараттары) етіп қайта бейіндеу (функционалдық мақсатын өзгерту) туралы шешім беру – 1, объектілерді кейіннен кәдеге жарату (ғимараттар мен құрылыстарды бұзу) жөніндегі жұмыстар кешенін жүргізуге шешім беру қағидаларын бекіту туралы – 0, мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту - 0.

 

 

  1. Көрсетілетін қызметті алушылармен жұмыс

 

Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпаратқа қол жеткізу көздері мен орындары туралы мәліметтер.

Қызметтерді көрсету тәртібін түсіндіретін стандарттар мен ақпарат уәкілетті органның https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-ust?lang=ru  интернет-ресурсында орналасқан, сондай-ақ Көкшетау қаласы, Абай көшесі, 89 мекенжайы бойынша орналасқан «Ақмола облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы» ММ «Мемлекеттік қызмет» стендінде орналастырылған. Мемлекеттік қызмет туралы ақпарат сондай-ақ, мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөнінде бірыңғай байланыс-орталығының 1414 телефоны бойынша ұсыныла алады.

Мемлекеттік қызметтер көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар (түсіндіру жұмыстары, семинарлар, кездесулер, сұхбат және басқалар).

Ресми интернет-ресурста, Facebook, Instagram әлеуметтік желілерде басқарма парақтарында көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат тұрақты негізде орналастырылады.

2021 жылғы 14 қаңтарда Ақмола облысында сәулет және қала құрылысы саласында мемлекеттік қызмет көрсету бойынша 2020 жылғы жұмыс қорытындылары мен 2021 жылға арналған жоспарлар бойынша аудандық және қалалық сәулет және қала құрылысы бөлімдерінің басшылары және мемлекеттік қызмет көрсетуге жауапты мамандары қатысуымен кеңес өткізілді. Қарастырылған сұрақтардың бірі сәулет және қала құрылысы саласында мемлекеттік қызмет көрсету туралы болды.

2021 жылғы 29 қаңтарда Ақмола облысында сәулет және қала құрылысы саласында мемлекеттік қызмет көрсету бойынша аудандық және қалалық сәулет және қала құрылысы бөлімдерінің басшылары және мемлекеттік қызмет көрсетуге жауапты мамандары қатысуымен кеңес өткізілді. Ақмола облысында сәулет және қала құрылысы саласында мемлекеттік қызмет көрсету бойынша 2020 жылғы жұмыс қорытындылары мен 2021 жылға арналған жоспарлар туралы ақпарат қарастырылды.

А.ж. 19 ақпанында бейнеконференция режимінде ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы                Б.М. Беспалиновтың, ҚР ИИДМ сәулет, қала құрылысы және қала құрылысы кадастры басқармасының бас сарапшыларының, аудандар мен қалалардың сәулет және қала құрылысы бөлімдерінің басшылары мен мамандарының қатысуымен Ақмола облысында сәулет және қала құрылысы саласында мемлекеттік қызмет көрсету бойынша семинар кеңес өткізілді.

Персоналды басқару және мемлекеттік қызмет көрсету сапасы мәселелері бойынша қызметтің тиімділігі бойынша кешенді тексерудің қорытындылары бойынша анықталған бұзушылықтарды жою жөніндегі іс-шаралар Жоспардың 6 тармағы бойынша 2021 жылдың 12 тамызында облыс жер қатынастары басқармасымен бірлесіп Ақмола облысында аудандар мен қалалардың сәулет және қала құрылысы бөлімдерінің басшылары мен мамандарының қатысуымен жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы саласында мемлекеттік қызмет көрсету жөнінде семинар-кеңес өткізілді.

2021 жылғы 27 қыркүйекте облыс әкімі аппаратының мемлекеттік қызметтер көрсетуді талдау бөлімінің, сондай-ақ ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы Департаментінің қатысуымен халықтың көрсетілетін қызметтерге қанағаттану деңгейін арттыру мақсатында Ақмола облысында сәулет және қала құрылысы саласында мемлекеттік қызметтер көрсететін аудандар мен қалалар бөлімдерінің мамандарына техникалық оқу өткізілді.

2021 жылдың 7 қазанында облыстық "ARQA AJARY" газетінде басқарма көрсететін қызметтер туралы мақала жарияланды.

2021 жылғы 22 қазанда басқарманың мемлекеттік қала құрылысы кадастры бөлімінің басшысы А.Х. Ахметовамен мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша тікелей эфир өткізілді.

 

 

  1. Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін жетілдіру

жөніндегі қызмет

 

Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін оңтайландыру және автоматтандыру нәтижелері.

Көрсетілетін мемлекеттік қызметтер «электрондық үкімет» www.egov.kz веб-порталы арқылы қолжетімді.

Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызметкерлердің біліктілігін арттыруға бағытталған іс-шаралар.

Басқарма қызметкерлері міндетті түрде кестеге сәйкес біліктілікті арттырудан өтеді. 2021 жылдың қараша айында Басқарма басшысының орынбасары В.К. Фелбелт Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару Академиясында «Мемлекеттік қызметтегі әдеп» тақырыбына семинарға қатысты.

Мемлекеттік қызметтер көрсету процесстерін нормативтік-құқықтық жетілдіру жаңа бекітілген НҚА бойынша өткізіледі.

 

  1. Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау

 

2021 жылы мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша қызмет алушылардан басқармаға шағымдар түскен жоқ.

 

  1. Мемлекеттік қызметтер көрсетудің келешекте одан әрі тиімділігіне және сапасына қызметті алушылардың

қанағаттануын арттыру.

 

Басқармамен қызметті алушылардың мемлекеттік қызметтердің сапасына қанағаттануы мақсатында стендте, уәкілетті органның интернет-ресурсында көрсетілетін мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат орналастырылды, қажет құжаттарды дайындау және күту уақытында көрсетілетін қызметті алушылар  үшін жағдай жасалды (күту үшін креслолар, құжаттарды дайындау үшін орындар, толтыру үлгісімен қажет құжаттардың тізбесі).

Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында 2022 жылға келесі іс-шаралар жоспарланған:

«Электрондық үкімет» порталы арқылы мемлекеттік қызметтерді көрсету;

мемлекеттік қызметтерді уақытылы көрсету бойынша күнделікті мониторинг жүргізу;

көрсетілетін қызметті алушылардың шағымдарын уақтылы қарауды қамтамасыз ету, өтініштер үшін негіз болған себептер мен жағдайларды жою бойынша түпкілікті шаралар қабылдау;

«Электрондық үкімет» порталы арқылы танымал әлеуметтік желілер, бұқаралық ақпарат құралдары арқылы мемлекеттік қызметтерді алу мүмкіндіктері туралы халықтың хабардар болуын қамтамасыз ету.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заңнаманың бұлжытпай сақталуын қамтамасыз ету мәселесі басқарманың тұрақты бақылауында.

 

 

 

Дата публикации
25 февраля 2022
Дата обновления
25 февраля 2022
Тип
Тұрғындарға арналған ақпарат

Сейчас читают

Есеп
25 февраля 2025
2024 жылдың мемлекеттік қызмет көрсету мәселесі бойынша «Ақмола облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы» мемлекеттік мекемесі қызметінің есебі
Есеп
23 февраля 2024
2023 жылдың мемлекеттік қызмет көрсету мәселесі бойынша «Ақмола облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы» мемлекеттік мекемесі қызметінің есебі
11 января 2024
«Азаматтарды қабылдауға» өтініш беру (жазылу) жөніндегі өтініш беруші үшін қысқаша нұсқаулық

Социальные медиа

Управление строительства Акмолинской области
Ақмола облысының құрылыс басқармасы

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы