«Көкшетау автобус паркі» ЖШС автопаркін жаңарту
Жобаның мақсаты: МЖӘ механизмін қолдана отырып, жолаушыларды тасымалдау бойынша қызметтерді көрсету үшін Көкшетау қаласында автопаркты жаңарту, бұл мемлекет және жеке меншік секторы арасындағы тәуекелдерді тиімді үлестіруге және мемлекет үшін әлеуметтік-экономикалық және бюджеттік тиімділігінің, сондай-ақ, жеке инвестор үшін қаржылық тиімділігінің едәуір көрсеткіштеріне қол жеткізуге мүмкіндік береді.
Сала: Көлік
МЖӘ жобаны бастамашы: «Көкшетау автобус паркі» ЖШС
Іске асыру мерзімі: 2020 жыл (4 ай)
Қолданылу мерзімі: 2021 – 2030 жылдар (10 жыл)
Жобаның жалпы құны: 1 662 440 мың теңге
Жұмыс орындарының саны: 60
Бастамашылық жобаның нәтижесі: 30 жаңа автобусты сатып алу